- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Парафин
Одан басқа Парафинде изопарафинді, циклопарафинді және нафтенді - ароматты көмірсутектер кездеседі. Түссіз, иіссіз, дәмсіз, балауыз тәрізді балқығыш зат; балқу температурасы 40 – 65, тығыздығы 0,880 – 0,915 г/см3 (15ӘС-та).
Органикалық еріткіштер мен минералды майларда ериді. Қатты Парафинді (балқу температурасы 45 – 70ӘС) парафині көп мұнайдан және парафин-май қоспасын (гача) айырудан алады. Оның жоғары мөлшері (15 – 20%) Маңғыстау түбегіндегі мұнайда кездеседі.
Сұйық Парафин (қайнау температурасы 180 – 360ӘС) мұнай өнімдерін карбамидті депарафиндеу кезінде алынады. Алынған Парафин қоспалардан тазартылады. Нашар тазартылған Парафин сары немесе қоңыр түсті және жарықта күңгірт тартады. Таза Парафин тамақ өнеркәсібінде (орағыш материал), медицинада, косметикада, сәндік бояу, иіс сулар мен иіс майлар дайындауда және электртехникада (оқшаулағыш материал) пайдаланылады.
Парафин емдеу ісінде, майшам жасауда, жоғары май қышқылдарын, спирттер және жуғыш заттар алуда кеңінен қолданылады.
Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.
Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!