- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Неон
Жерде негізінен атмосфераның құрамында кездеседі, 1 м3 ауада 16 см3 неон болады. Атмосф. неон тұрақты үш изотоптан: 20Ne (90, 92%), 21Ne (0,257%), 22Ne (8,82%) тұрады.
Неонды ағылшын ғалымдары У.Рамзай (1852 – 1916) мен М.Траверс сұйық ауаның ұшқыш фракциясын зерттеу кезінде ашқан (1898). Неон қалыпты жағдайда түссіз, иіссіз газ. 0ӘС-та тығызд. 0,900 г/л, балқу t –248,6ӘС, қайнау t –245,9ӘС. Суда ерігіштігі 10,4 мл/л. Қатты неоның кристалдық торы кубты. Н. молекуласы бір атомды; атомының сыртқы электрон қабатында 8 электроны бар және олар өте тұрақты.
Неоның хим. қосылыстары синтезделінбеген. Ауаны ыдырату кезінде алынады. Неон негізінен электртех. өнеркәсіпте қолданылады. Неонмен толтырылған қызыл түс беретін шамдар порттарда, әуежайларда, т.б. пайдаланылады. Сұйық неон төмен темп-ра алу үшін қолданылады.
Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.
Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!