Магний

Магний (лат. Magnesіum) Mg, элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атам нөмері 12, атам м. 24,312.

  magnezium.jpgТабиғатта үш изотопы бар: 24Mg, 25Mg, 26Mg. 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви (1778 — 1829) ашқан. Жер қыртысындағы масса бойынша мөлш. 2,1%. Ол барлық қосылыстарында екі валентті.

Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығыздығы 1,74 г/см3, балқу t 650ӘС, қайнау t 1107ӘС. Ол қорғағыш оксид пленкамен қапталғандықтан, құрғақ ауада 350ӘС-қа дейінгі температурада тотықпайды, бірақ 600 — 650ӘС-та өздігінен тұтанып, жарқырай жанып, Магний оксидін (MgO) және аздап нитридін (Mg3N2) түзеді. Құрамында бос оттек (О2) жоқ суық сумен әрекеттеспейді; қайнап жатқан судан Н2-ні ығыстырады. Сұйытылған қышқылдарда жеңіл ериді [концентрленген күкірт қышқылының (H2SO4) және HF ерітінділерінде пассивтеледі]; сілтілердің суық ерітінділерінде ерімейді. Қыздырғанда сутегімен, галогендермен S, N2, C-пен әрекеттеседі.

Магнийді құрамында MgCl2 бар балқымаларды электролиздеу арқылы, күйдірілген магнезит немесе доломитті металлотерм. (ферросилициймен) тотықсыздандыру және MgO-ін көміртерм. тотықсыздандыру арқылы алады.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!