Шама

Шама — мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылған негізгі математикалық ұғымдардың бірі.

shama.jpg 1.    Ұзындық, аудан, салмақ сияқты тағы басқа нақты ұғымдардың жалпылануы нәтижесінде алғашқы шама (скаляр оң шама) ұғымы пайда болды. Шаманың әрбір нақты тегі физикалық денелерді немесе басқа нысандарды салыстырудың белгілі бір әдісіне байланысты;
2.    бағытталған шамаларды (мысалы, түзуде қарама-қарсы екі бағыты болатын кесінді, жылдамдық) қарастыру нәтижесінде скаляр шаманың жалпы ұғымы (нақты бір сан арқылы сипатталатын нысанды) пайда болды;
3.    скаляр шамалардың жалпылануы нәтижесінде векторлық шамалар (қ. Векторлық есептеу) мен тензорлық шамалар (қ. Тензорлық есептеу) алынды.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!