Бас бет arrow Энциклопедия arrow Көлікarrow Просмотр термина

Алматы халықаралық әуежайы

Халықаралық Алматы Әуежайы (ағылш. Almaty International Airport) Қазақстандағы ең үлкен әуежай. b.jpg
Ол Алматы Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы мен жүктірдің 68% өтеді.

2011 жылы әуежай 3,665,538 жолаушыға қызмет көрсеткен (2010 жылмен салыстырғанда 19%тік өсім). 17 ақпанда Мәскеуде Мемлекетаралық авиация комитетінің Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 32 сессиясы өтіп, Алматы әуежайының әуеайлағы ең үздік әуеайлақ атағына ие болды

Тарихы

Әуежай 1935 жылы салынған. 1990 жылға дейін ол Кеңес Азаматтық Авиация Департаментінің бөлігі болып, 1991 жылы "Алматы Әуежайы" болып қайта құрылды. Сол кезден бері әуежай тәуелсіз бизнес бірлік ретінде өз жұмысын жалғастырды. Кейін ол Халықаралық Алматы Әуежайы ЖШС болып қайта аталды.

1998 жылы әуежай ұшып-қону (ҰҚЖ) жолағы жөндеуден өткеннен кейін, Алматы Әуежайы II категорияға ие болып, Халықаралық Әуежай статусын алды.

1999 жылдың 9 шілдесінде әуежай ресторанында өрт басталып, бүкіл әуежай терминалы жанып кетті. Жаңа терминалдың құрылысы 2004 жылы аяқталды.

Алматы Әуежайы Air Astana ұлттық тасымалдаушының хабы болып табылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы жүк тасымалдау хабы.

2008 жылдың қыркүйек айында екінші ұшып-қону жолағы ашылды. Жаңа ұшып-қону жолағына ICAO сертификаты беріліп, оған III категория берілді. Жолақ сапасы мен онда орнатылған заманауи құрал жабдықтар ұшу қарқыны бойынша әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа ұшып-қону жолағы Орталық Азияда ең ұзын болып табылады.

Қаржылық жағдайы

Қазіргі кезде Алматы Әуежайы ресейдің Альфа банкіне 2007 жылы жаңа халықаралық терминал салуға $33 млн алған болатын. Барлық ақша жұмсалып кеткенімен терминал әлі салынып бітуден алыс, ал құрылысы тоқтап тұр. Ал несие қайтару уақыты 2009 жылдың наурызында келгенімен Әуежай қарызын қайтара алмапты, сөйтіп пайызымен барлық қарызы $38 млн-ға жеткен. Енді Альфа банк Алматы Әуежайының активтерін тәркілемекші, оған: жолаушылар терминалы ғимараты, VIP-терминал және бизнес-терминал, екі қонақ үй.

Болашағы

Қазіргі уақытта әуежайда жаңа терминал салынуда.