- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Белгілі адамдар Просмотр термина
Леонардо да Винчи
Леонардо да Винчи (итал. Leonardo da Vinci, 1452 жыл 15 ақпан, Флоренция қаласының маңы — 1519 жыл 2 мамыр, Амбуаза, Түрен, Франция) —италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» (лат. homo universale) — италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі.
Өмірбаяны
Флоренцияның бір аймағындағы Пиеро да Винчи деген нотариус пен диқаншы отбасынан шыққан Катерина деген қыздың баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті. Тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда Флоренцияда саудагершілікпен айналысады. Артынан княздер сарайларында шығармашылық ірі жоспарлар ұсынып, еш түсіністік таппайды. Әбден көңілі қалған ол 1516 жылы қаңтарда король Франсуа I ұсынысымен Францияға көшіп келіп, ғұмырының соңғы 4 жылын, осы жақта, Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.
Леонардоның қазіргі біз атап жүрген мәнді тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі — итал. Leonardo di ser Piero da Vinci, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».
1470 — Леонардо да Винчи Верроккио шеберханасына (Флоренция) көмекші боп кіреді.
1472 — Флоренсия Суретшілер гильдиясының (одағы) мүшесі.
1472-1477 — «Исаның шоқындырылуы», «Ізгі хабар», «Құмырамен бейнеленген Мадонна» туындыларымен жұмыс істейді.
1482 — Миландағы Лодовико Сфорца сарайына шақырылады.
1487 — Құстың ұшуын негізге алып, ұшатын машина — орнитоптерді жасайды.
1488 — «Ақкіс ұстаған келіншек» суреті.
1489 — Бассүйектердің анатомиялық кескіндері.
1490 — «Сазгер портреті» суреті.
1495-1498 — «Жасырын кешкілік» суреті.
1502 — Чезаре Борджаға архитектор әрі әскери инженер ретінде қазметке тұрады.
1503 — Флоренцияға оралады.
1503 — «Мона Лиза» суреті.
1505 — Құстың ұшу сызбанұсқасы.
1506 — Миланға оралып, Франция королі (сол кезде Италия солтүстігін басқарған) Луи XII-ге қызметке тұрады.
1507 — Адам көзінің құрылысын зерттеуі.
1509 — Қасиетті Анна соборында қолтаңба қоюы.
1512 — «Өз портреті»
1512 — Лев X папасының қорғауымен Римге көшеді.
1514-1516 — «Жохан Шоқындырушы» суреті.
1516 — Сарай суретшісі, инженер, сәулетші, және механик ретінде Францияға көшуі.
Өнертапқыштығы
Оның тірі кезінде ел мойындаған туындысы — пистолетке арналған (кілтпен қосылатын) дөңгелек құлып. Бастапқыда сирек қолданылған бұл тетік XVI ғасыр ортасына қарай дворяндар арасында, әсіресе кавалерияда кең тараған. Тіпті лат құрылымында да ізін қалдырған, атап айтсақ, максимиоиандық сауыттарды пистолетпен ату үшін жеңімен бірге қолғап жасай бастады. Дөңгелектік құлпының сәтті шығарылғандығы сонша — ол тіпті XIX ғасырда да қолданыста болды..
Данышпан адамдардың туындылары уақыт өте мойындалып жататыны сияқты Леонардоның ойлап тапқандарының көбісі кейін толықтырылып, өзгертіле жетілдіріліп, бүгінгі күнге дейін қолданыста болып келді.
Мысалы, Леонардо да Винчи ауаны сығып, құбырлырмен жүргізетін құрал жасаған. Бұны пештерді жағудан …бөлмелерді желдетуге дейін қолданады.
Адамның су астында көп уақыт болу мүмкіндігі Леонардоны да қызықтырған. Бұл одан бұрынғы-соңғы ғалымдарды да қызықтырған болатын. Мысалы, Баттиста Альберти Неми көлі түбінен кейбір Рим кемелерін көтеруді жоспарлаған. Леонардо болса жай жоспарлап қана қоймай, су өткізбейтін теріден жасалатын сүңгуірлер костюмінің жобасын жасады. Костюмнің омырауында сүңгуірдің көтерілуін жеңілдету үшін ауамен толтырылатын, көлем ұлғайтқыш қалтасы болған. Леонардоның сүңгуірі демалу үшін, оның қалпағын су бетінде жүзетін күмбезбен жалғайтын, икемге келетін түтікпен жабдықталған.
Леонардо да Винчидың қазіргі тікұшақтың «атасының» сызбанұсқасын жасағаны да баршаға мәлім. Винтінің ұзындығы сызбаға сәйкес 4,8 м болуы тиіс делінген. Ғалым жоспарына сәйкес ол металл окантовкасы, полотномен жабылу керек. Винт осьтің айналасында жүрген адамдардың рычагты итеруімен айналдырады.Леонардо өз жұмыстарында: «Егер винт механизмі біркелкі жақсы жасалған болса, яғни, еш айырылыс, тесіксіз және тез айналдырылса, онда ол ауада қолдау тауып биіктеп ұшып кетеді», — деп жазған.
Адамды жүзіп үйретуге керекті маңызды дүние — құтқару дөңгелегі. Леонардоның бұл тапқаны қазіргі кезге дейін еш өзгеріссіз қалды деуге болады.
Жүзу қарқынын үдету үшін ғалым өзіндік қолғап ойластырады, бұл біртіндеп бүгінгі ластыға айналады.
Сену қиын, бірақ Леонардо қазу үшін емес, қазылған заттарды көтеру, тасымалдау үшін …экскаватор ойлап табады. Ғалымлардың пайымдауынша, экскаваторлар Арно өзенінің арнасын өзгерту жобасына керек болған. Ені 18 м, ұзындығы 6 м болатын шұңқыр қазу жоспарланған. Аутордың суреттері қазатын машина мен шұңқыр өлшемдері жайлы ақпарат береді. Штангаларының әрқилы ұзындығы бар көтергіш кран бірнеше қарсысалмақпен екі немесе одан көп деңгейлі экскавацияда қолданыла алатынымен қызық.. Кран жебелері 180°-қа бұрылу аясымен арнаны толықтай қамти алды. Экскаватор рельстерге орнатылып, жұмыс орны өзгерген сайын, орталық рельстегі винттік мехинизм көмегімен алдыға жылжып отырған.
Леонардоның ең танымал суреті — көне аутомобиль жобасы. Өзін-өзі қозғалтатын арба, энергия шығаратын рөлмен жалғанған, арбалетті механизммен жүретін болған. Артқы дөңгелектері бір-біріне тәуелсіз айналдырыла алған. Рөлмен байланысқан төртінші дөңгелек арқылы арба бұрыла алған. Бастапқыда король ауласының көңіл көтеруіне арналған бұл көлік Қайта Өрлеу дәуірі мен орта ғасыр инженерлер өздігінен жүру көліктер қатарына жатқан.
Ғалымның кейбір еңбектерін адамзаттың енді ғана сынақтан өткізуге батылдары баруда: мысалы, Леонардо да Винчидың жобасымен норвегиялық Ас қаласынды 2001 жылы 100-метрлік жаяушылар көпірі жасалды. Бұл оқиға — өз уақытын әлдеқайда басып озған шебер архитектуралық жобасының іске асуының 500 жыл ішінде алғашқысы.
Леонардо да Винчи бұл көпірді түрік сұлтанына арнап жобалаған: көпір Ыстамбұлдағы Алтын Мүйіз шығанағы арқылы өтуі тиіс болғын. Егер бұл жобы сол кезде іске асса онда ол өз заманындағы ең ұзын көпір (ұзындығы 346 м) болар еді. Сұлтан Баязет II Леонардоның бұл жобасынан бас тартқандықтан көпір салынбай қалады. 2002 жылы Британияда ұлы Леонардо да Винчидың тағы бір ойы іске асады: Суррей графтігінде дәл соның сызбасы бойынша жасалған қазіргі дельтаплан бастапқы үлгісі сәтті ұшты.
Суррей төбелерінде өткен сынақты дельтапланеризмнен екі дүркін әлем чемпионы Джуди Лиден жүргізді. Ол әйелге да Винчи «протодельтапланын» ең биік 10 м көтеріп, 17 секунд ауада ұшқан. Бұл аппараттың істейтіндігіне айқын дәлел болды. Леонардо да Винчи ойынша «егер екі жағы да 12 адам қолындай ұзын, ал биіктігі −12, болатындай тығыз матадан тұратын тент болса, онда адам кез келген кәдімгідей биіктен зақымсыз секіре алады». Бұны өзі сынап үлгермесе де, 2000 жылы британ парашютисті Адриан Николас Оңтүстік Африкада 3 мың метр биіктіктен әуе шарынан Леонардо да Винчи сызбасымен жасалған парашютпен секіреді. Сәтті қонады.