- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Құрылыс Просмотр термина
Үй
Үй - белгілі бір қоғамдық қажеттілік үшін пайдаланылатын орын, мекеме.
Дәстүрлі қазақ қоғамында үйге тән мүлік, тұрмысқа қажетті шаруашылық “үй-жай” деп те атала береді. Үй баспана ретінде адамзат тарихында тас дәуірінен бастап белгілі. Әрбір тарихи-мәдени өңірлердегі халықтар жергілікті материалдар негізінде күнделікті тұрмыс-тіршілікке лайықтап үй тұрғызған. Әлем халықтарының заттай мәдениетінің айғағы ретінде үй түрлері табиғи жағдайларға байланысты дамып, жетілдіріліп отырылған.
Көшпелі тұрмыс кешкен қазақ халқы, негізінен киіз үйді пайдаланған. Хан-сұлтан, атақты байлардың үйі 8 қанаттан бастап, 30 қанатқа дейін жеткен. Мұндай үйлер ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын орда, алтын үзік аталған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, қалмақ үй, лашық, аран, жаба салма, көтерме туырлықты, кепе, ұранқай, күрке, қамсау (шошала), итарқа, т.б. деп атаған. Жолаушылар мен жорықшыларға тән үйлер (абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, жоламай, т.б.) де бар. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден қақыра, догара, т.б. киіз үй тектес үйшіктер де салынған.
Үй әлемдегі әрбір ұлттың жеке мәдениетін айғақтайтын, маңызды белгілерін көрсететін әмбебап кешен болып табылады.