Хром

Хром (Chromіum), Cr — элементтердің периодтық жүйесінің VҚ тобындағы химиялық элемент, а. н. 24, а. м. 51,996.

 

chrome.jpg
Тұрақты төрт изотобы 50 Cr (4,31%), 52 Cr (83,76%), 53 Cr (9,55%), 54 Cr (2,38%) бар. Олардың ішіндегі маңыздысы жасанды жолмен алынған радиоактивті изотопы 51 Cr (T1/2=27,8 күн ).

Хромды 1797 ж. француз химигі Л.Н. Воклен крокоит минералының құрамынан ашқан.

Хром кең тараған элемент. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері. 2*10–3%. Өнеркәсіптік маңызды минералы — хромит, оның бай кендері Солтүстік Оралда, Кавказ сыртында, Батыс Қазақстанда кездеседі. Батыс Қазақстандағы кені Ақтөбедегі хром қосылыстары заты мен ферроерітінді затын хроммен қамтамасыз етеді.

Хром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу t 191 0C, қайнау t 248 0C. Тығыздығы 7,14 грамм/куб сантиметр. Қалыпты температурада фтормен, 6000С-тан жоғары температурада галогендермен, күкіртпен, азотпен, көміртекпен, кремниймен, т.б. көптеген металдармен әрекеттеседі. Оттекпен өте жоғары температурада әрекеттесіп Cr2O3 тотығын түзеді, оның гидрототығы [Cr (OH)3]— амфотерлі. Cульфидтері суда гидролизденеді. Сутекпен әрекеттесуге бейім емес, бірақ оны өзіне сіңіріп алады. Тотығу дәрежелері +1, +3, +6, кейде +1, +4, +6. Қосылыстары күшті тотықсыздандырғыш, тотығу дәрежесі +6 болатын қосылыстары (хром ангридриді CrO3, хроматтар) тотықтырғыш. Сұйық қышқылдардан сутекті ығыстырады. Хром кешенді қосылыстар түзуге бейім. Ол құрамда оттек бар қышқылдармен әрекеттесіп нитрат Cr(NO3)39H2O, сульфат Cr2(SO4)318Н2О тұздарын түзеді.

Хром қолданылуына қарай таза күйінде немесе темірмен қорытпасы — феррохром түрінде (құрамында 60 — 85% Cr) өндіріледі. Оны хром кентастарын тікелей тотықсыздандыру арқылы алады. Таза хром өзінің тотығын Cr2O3 алюминотерм. әдіспен, сондай-ақ кейбір тұздарын электролиздеу арқылы алынады. Тотығу дәрежесі +3 болатын хром көптеген тұздар, ашудастар түзеді.

Хром-калий ашудасы былғары илеуде, мата өнеркәсібінде, кино пленкасын жасауда қолданады. Хром металдан жасалған бұйымдардың бетін хромдау үшін пайдаланылады. Құрамында хром бар болат таттанбайды, қажалмайды және үйкеліс пен қызуға төзімді келеді.