Ылғалдылық

Ылғалдылық — қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. moisture.jpg
Абсолюттік ылғалдылық — материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері.

Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері.

Кеннің ылғалдылығы байыту фабрикаларындағы жұмыс процестеріне елеулі әсер етеді. Магнитті және электрлі байытуда ылғалдық белгілі мөлшерден аспауы қажет.

Металлургиялық зауыттарға жөнелтілетін концентраттардың ылғалдығы тиісті талаптарға сай болуға тиіс.