- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Белгілі адамдар Просмотр термина
Ом Георг Симон
Ом Георг Симон немiс физигi 1787 ж. 16 наурызда Эрлангемде туған.
Өмірбаяны
1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi. Эрланген университетiнде докторлық диссертациясын қорғады. Бамбергте, Кельнде, Берлинде сабақ берумен айналысты. Нюрнбергтегi Политехникалық мектептiң, Мюнхен университетiнiң профессоры болды.
Қызықты оқиға (Оқу Министрінің қателігі)
1826 жылы қазіргі таңда барлығымызға мәлім заңның дәлелдемесін баяндайтын кішкене мақаланы басып шығарғаны үшін Кёльн мектебінің мұғалімі Георг Ом (1787-1854) оқу министрінің жеке нұсқауы бойынша жұмыстан шығарылды. Жоғары лауазымды чиновник классикалық физикаға математиканы қатыстыру – ерсі деген ұстанымда болған. Оның замандастары Омның еңбектерін жеткілікті деңгейде бағаламай, керісінше оны қатаң түрде сынай бастады. Көптеген ғалымдар ақиқатқа тек ұшқыр ойды самғату арқылы ғана қол жеткізуге болады, ал тәжірибе болса ғылымда басты орында болмауы керек, тіпті болмайды да деген ойды ұстанды. Омның қарсыластары оның еңбектерін жоққа шығарып қана қоймай, оған жұмыс істеуіне кедергі жасады. Жұмыс істеуге қолайлы болатын жерді Омның жасыруына тура келді. Тіпті баспаға өзінің тұжырымдамаларын жариялату оған қиындық туғызды. Ом заңы алдымен Ресейде Б.С. Якоби мен Э.X. Ленцтің жұмыстарының арқасында жеңіске жетті, содан кейін Франция мен Англияда белгілі болды. Германияға ол он жыл кешігіп қайтып оралды. Оқу министрлігі болса Омның жұмысын «табиғаттың жетістіктерін математиканы қатыстырумен төмендету, ауыру фантазия» деп ашық түрде келеке етті. 1826 жылы ғалым министрге реніш білдірді ме? Жоқ. Себебі Ом неміс мектептерінде көп жылдар бойы математика мен физика пәндерін жүргізіп, онда «сауатсыз билік» басшылық ететіндігіне жеке өз басының тәжірибесінде көз жеткізді. Омның бақылауы бойынша, «мектептегі сабақ жүргізу ісі логикасының 99 %-ын қараңғылық басты, бірақ логиканың алға жылжуына бір пайыздық болса да үмітім бар, - деп достарына айтқан. – Жақсы, онда тосамыз!». Шынымен де, Ом бірнеше жылға ғылыми жұмысын тоқтата тұрып, білімін жетілдірумен айналысты, бірақ та кейіннен ағартушылық басталған кезде математикалық формулалар кеңінен қолданылатын электр бөлімінен, акустика мен кристаллооптика бөлімдерінен бірқатар тамаша еңбектерін жарыққа шығарды. 1895 жылы ғалымға арналып жасалған ескерткіштің ашылу рәсімінде Мюнхен университетінің физика профессоры Е. Ломмель Омның зертеулерінің мәні туралы жақсы бір сөз айтқан: «Омның ашқан жаңалығы оған дейін қараңғы түнек болған электр саласын жарықтандырған лаулаған алау тәрізді болды. Ом болса табиғаттың ұзақ жылдар бойы бойында жасырып жүрген сырын қойнауынан жұлып алып, замандастарының қолына табыстады».
Ашқан жаңалықтары
1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Математикалық түрде Ом заңы қарапайым формуламен өрнектеледi. Мұндағы U – тармақталмаған тұрақты ток тiзбегiнiң бөлiгiндегi өткiзгiш ұштарындағы потенциал айырымы, I – ток күшi, R - өткiзгiш кедергiсi. Ом кедергiнiң өткiзгiш материалына тәуелдiлiгiн, оның ұзындығына тура пропорционал және көлденең қиманың ауданына керi пропорционал екенiн көрсеттi. Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр кернеулерiнiң түсуi" деген ұғым енгiздi. “Электр қозғаушы күш"(ЭҚК), “өткiзгiштiк" деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi. Омның кейiнгi еңбектерi акустикаға, соның iшiнде дыбыстың күрделi құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған. 1841 ж. ғалым Копли медалiмен марапатталды, 1842 ж. Королдық қоғамының мүшесi болды. Ом 1854 ж. 7 шiлдесiнде Мюнхенде қайтыс болды.
Жазған: Тюмебаева Айлина, Ақсай қаласы №4 орта мектебінің 7 сынып оқушысы