Алюминий

Алюминий - күміс түсті ақ металл. Ол жеңіл металдарға жатады, алюминийдің меншікті салмағы  27.

 

aluminium.jpgАлюминийдің  балқу температурасы едәуір төмен (6590С), алюминий фольгасы  шырпы жалынында оңай  балқиды.
Алюминий жылу мен электр тогын жақсы өткізеді: оның электр өткізгіштігі мыстың  электр өткізгіштігінің 2/3 шамасындай  болады. Алюминийдің созылғыштық қасиеті өте жоғары болады. Оны қызған күйінде де, суық күйінде де өндеуге, одан созып өте жіңішке сым жасауға және фольга даярлауға болады.

Тарихы

Қытай ғылым академиясынын қолданбалы физика институты біздің эрамызға дейінгі 297 жылы жерленген қолбасшы Чжоу-Чжу табытын зерттеу корытындысы хабарланды. Ол өрнектерге спектірлік талдау жасағанда оның 10% -ы мыс, 5%-ы магний  және 85%-ы алюминий құймаларынан тұратынын көрсетті. Тандауда бірнеше рет қайталады. Онын нәтижесі өзгермейді.

Алюминий, калий мен хлорлы алюминийді әрекеттестірумен, яғни металлормиялық әдіспен алғаш 1825 жылы ашылды және бос күйінде алынды.1854  жылы оның өнеркәсіптік алынуы басталды, онда тотықсыздандырғыш ретінде натрий қолданылды. Бірақ бұл әдіспен алынған алюминий өте қымбат болды.  Алюминийді электролиз арқылы алу әдісі табылысымен бұл әдіс қолданылмайтын болды. Бұл жаңа әдіспен алюминий алатын бірінші завод 1888 жылы Швейцарияда іске қосылды.

Электролиз үшін темір тотығы және кремний қос тотығы араласпаған таза алюминий тотығы керек, өйткені алюминиймен қатар темір де, кремний де тотықсызданады.

Алюминий тотығын алудың басты шикізаты-бокситтер. Оның ішіндегі алюминий тотығы  50%-тен артық, ол қандай болмасын басқа материалдағыдан көп. Совет Одағында бокситтің кені Ленинград облысының Техвин ауданында, Уралда, Солтүстік  Қазақстанда бар.

Алынуы

Неміс химигі Ф.Велер 1827 жылы алюминий хлоридіне ауаның қатысысыз сілтілік калий немесе  натрий металдарын қосып қыздыру арқылы алюминий алды.Алюминийді бұл әдіспен өндірісте алу тиімсіз, сондықтан алюминийді бокситтен электрхимиялық әдіспен алу іске асырылды.

Қолданылуы

Алюминийді қолданылатын манызды жерлері:

1) Жеңіл құймалар өндірісінде (дюралюминий,ұшақ жасауда)

2) Электрөткізгіш сымдар дайындауда.

3) Болаттан және шойыннан жасалған заттарды қаптауда.

4) Металлургияда алюминатерияция әдісімен басқа металдарды алу үшін.

5) Тұрмыста қолданылатың бұйымдар өндіруде.

Табиғаттағы алюминий. Алюминий-жер қыртысында ең көп таралған металл. Химиялық активтігі  күшті болғандықтан ол бос күйінде табиғатта кездеспейді. Құрамында  алюминий бар табиғи қосылыстарға алюмосиликаттар,бокситтер,корунд және оның бір түрі-егеу құм (наждак) жатады.

Алюминий аналогтары. Алюминий III группаның негізгі подгруппасына жатады. Периодтық системадағы орнына және атомдарының құрылысына қарағанда  бұл топтағы  элементтердің  металдық қасиеттері, II  группаның негізгі подгруппасындағы элементердікінен, бәсен болуы керек. Алюминий қасиеттері осыны дәлелдейді. Алюминий амфортерлі және ол өзі тұрған периодында, амфотерлі элемент ретінде,металдар мен металл еместердің шекарасында орналасады. Оның алдында натрий және магний металдары тұр, мұнан соң кремний т.б. металл еместер келеді. Алюминий өзі тұрған подгруппада нақ осындай шекаралық орын алады.

Негізгі подгруппаларда элементердің рет нөмері кеміген сайын металл еместік қасиет күшейіп, металдық қасиет бәсеңдейтін болғандықтан ,алюминий подгрупасында алюминиден бұрын келетін элемент бор  тек металл еместік  қасиет білдіреді. Ол-металл емес. Оның тотығының гидраты қышқыл қасиеттерін ғана көршетеді. Ол - бор қышқылы. Алюминий подгруппасындағы алюминийден кейінгі галлий, индий, таллий элементтерінің барлығы да – металл.

Жазған:Ишанова Гүлназ, Қызылтал ауыл мектебі

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!