Бас бет arrow Энциклопедия arrow Көлікarrow Просмотр термина

Велосипед

Велосипед - (франц. Velocipede, лат. velox – жүрдек және pes-аяқ) – жедел жүруге арналған қарапайым көлік.

recycle-your-bicycle.jpg Ол осы атауын өзінің «сәбилік» шағынан-ақ ақтады.

Шығу тарихы

Велосипедті 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), т.б. жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан.
Велосипед әр кезде алуан түрлі болып жасалып, сырт пішініне қарай оның аты да өзгеріп отырған. Өздігінен жүретін ағаш арбаны (самокат), ағаш велосипедті «селкілдек» (костотряс), «өрмекші», «кенгуру» деп атаған.
Алғашқы екі доңғалақты велосипедті Ресейде 1801 жылы Ефим Артамонов жасаған, бұл самокат деп аталған. Ол шынында да өздігінен жүретін арба болған, әрине оны жүргізу үшін оған мінген адам алдыңғы үлкен доңғалаққа орнатылған педальді аяғымен айналдыруы қажет болатын, ал артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқарған.
Мұнан кейін беріктігін арттыру мақсатында екі бірдей ағаш доңғалақтары темір шеңбермен құрсауланған ауыр машина пайда болды. Онымен жүрудің қандай екенін «селкілдек» деп атауынан-ақ білуге болатын.
Онан кейін «селкілдектің» орнын «өрмекші» басты. Оның доңғалақтары металдан жасалды да, алдыңғы доңғалағының үлкендігі адам бойына шамалас болды. Онда өте көп сым шабақтар болғандықтан, ол өрмекшінің торын елестететін, сол себепті машина «өрмекші» деп аталған. Алайда өзінің құрылысы мен сыртқы пішіні осы заманғы велосипедке ұқсас машина жасалғанша «өрмекші» 20 жылдай уақыт қызмет еткен.
Велосипедті 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), т.б. жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан.Велосипед әр кезде алуан түрлі болып жасалып, сырт пішініне қарай оның аты да өзгеріп отырған. Өздігінен жүретін ағаш арбаны (самокат), ағаш велосипедті «селкілдек» (костотряс), «өрмекші», «кенгуру» деп атаған.Алғашқы екі доңғалақты велосипедті Ресейде 1801 жылы Ефим Артамонов жасаған, бұл самокат деп аталған. Ол шынында да өздігінен жүретін арба болған, әрине оны жүргізу үшін оған мінген адам алдыңғы үлкен доңғалаққа орнатылған педальді аяғымен айналдыруы қажет болатын, ал артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқарған.Мұнан кейін беріктігін арттыру мақсатында екі бірдей ағаш доңғалақтары темір шеңбермен құрсауланған ауыр машина пайда болды. Онымен жүрудің қандай екенін «селкілдек» деп атауынан-ақ білуге болатын.Онан кейін «селкілдектің» орнын «өрмекші» басты. Оның доңғалақтары металдан жасалды да, алдыңғы доңғалағының үлкендігі адам бойына шамалас болды. Онда өте көп сым шабақтар болғандықтан, ол өрмекшінің торын елестететін, сол себепті машина «өрмекші» деп аталған. Алайда өзінің құрылысы мен сыртқы пішіні осы заманғы велосипедке ұқсас машина жасалғанша «өрмекші» 20 жылдай уақыт қызмет еткен.

«Кенгуру» (1876 ж.) – бұл «өрмекшінің» жетілдірілген түрі. Бұл велосипедте ең алғаш рет шынжырлы беріліс пайдаланылды.
«Бециклет рудж» 1877 жылы жасалған бұл велосипедте осы күнгі велосипед жарақтарының бәрі болды.
«Ровер Сейфти» (1884ж.) – бұл велосипедтің алдыңғы кішкене доңғалағы конструкторларға рульді оңайлату мүмкіндігін туғызды.
19 ғасырдың 50-ші жылдары неміс механигі Ф.М.Фишер велосипедтің алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды.
Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс, Германия, 1815) пайда болды.

Құрылымы

19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек (подшипник), болат түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі т.б. енгізілді.
Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіреді. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы қызметін атқарады.

Түрлері

Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады.
Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16кг шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді.
Көліктік жеңіл велосипедтің салмағы жеңілдеу (14кг) әрі жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады.
Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, бірақ одан гөрі кішірек келеді.
Спорттық велосипедтердің тас жолға және трекке арналған түрлері бар. Олардың салмағы жеңіл (8-11кг), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеугішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады.
Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70км-ге дейін жетеді.
1869 жылы Францияда 120км қашықтыққа ұйымдастырылған спорттық алғашқы жарыста велосипед бұрын-соңды болмаған сағатына 11 километрлік жылдамдық көрсетті. Сол кезден бастап велосипед әр түрлі спорттық жарыстарға ылғи да қатысуда.
Қазақстанда велосипед спорты 1929 ж. Қызылорда-Алматы қалаларының арасында көпкүндік жарыс ұйымдастырылғаннан кейін дами бастады. Республика велосипедшілері Н.Макаров (1979), С.Наволочкии (1985), М.Сатыбалдиев (1990) 100км тас жолда топтасып жарысу дүние жүзі чемпиондар атанды. 1997 жылы Азия чемпионатында (Сеул. Корея) Қазақстан велосипедшілері 9 медальге ие болды. А.Мезуров Азияның абсолюттік чемпионы атанды.
Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады.Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16кг шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл велосипедтің салмағы жеңілдеу (14кг) әрі жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады.Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, бірақ одан гөрі кішірек келеді.Спорттық велосипедтердің тас жолға және трекке арналған түрлері бар. Олардың салмағы жеңіл (8-11кг), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеугішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады.Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70км-ге дейін жетеді.1869 жылы Францияда 120км қашықтыққа ұйымдастырылған спорттық алғашқы жарыста велосипед бұрын-соңды болмаған сағатына 11 километрлік жылдамдық көрсетті. Сол кезден бастап велосипед әр түрлі спорттық жарыстарға ылғи да қатысуда.Қазақстанда велосипед спорты 1929 ж. Қызылорда-Алматы қалаларының арасында көпкүндік жарыс ұйымдастырылғаннан кейін дами бастады. Республика велосипедшілері Н.Макаров (1979), С.Наволочкии (1985), М.Сатыбалдиев (1990) 100км тас жолда топтасып жарысу дүние жүзі чемпиондар атанды. 1997 жылы Азия чемпионатында (Сеул. Корея) Қазақстан велосипедшілері 9 медальге ие болды. А.Мезуров Азияның абсолюттік чемпионы атанды.

Пайдалануы

Қазіргі кезде велосипедтер көптеген елдің тұрғындарының негізгі көлігіне айналды. Велосипедке мінген жұмысшылар жұмысына, оқушылар – мектепке, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер – дүкендер мен базарға жетуге асығады.
Адамдарға қолайлы болу үшін қазіргі кезде велосипедтердің сан алуан түрі жасалған. Автомобильдің жүк салғышына сыйып кететін шағын немесе жиналмалы велосипедтер қаншама. Оларды лезде екіге бөлектеуге, болмаса тез арада қайтадан құрастыруға болады. Шағын доңғалақты велосипедтер де бар, олармен машиналары көп осы заманғы қалаларда жүру қолайлы.
Арнайы велосипедтердің қаншама түрі бар. Оның бір түрлері мен цирк артистері неше алуан трюк жасап өнер көрсетсе, басқа бір түрлерімен пошта, азық-түлік тасылады. Балаларға, үлкендерге арналған үш доңғалақты велосипедтер де бар.

Хронология

1649 – Г.Ганштель (Германия)
1693 – Р.Ла Рошелли (Франция)
1752 – Леонтий Шамшуренков (Ресей)
1761 – Овенден (Англия) – төрт доңғалақты арба негізінде шыққан.
1791 – Францияда алғаш рет граф Меде де Сиврак ойлап тапқан екі
            доңғалақты ағаш арба (самокат) пайда болды. Оны «селерифер» деп атаған.
1792 – Селериферді неміс офицері, камергер Карл Фридрих Дрез меңгеруші алдыңғы доңғалақпен жабдықтады.
1801 – Алғашқы екі доңғалақты велосипедті Ресейде Ефим Артамонов жасаған.
1830 – Германияда Филипп Фишер алдыңғы доңғалағы екі метр, артқы доңғалағы кішкентай, педальмен жабдықталған экипаж ойлап тапты.
1830 – Ағылшын өнертапқышы Крикпатрик Макмиллан оның шайқалып тұрған педальдарын артқы доңғалақпен біріктіретін шынжырлы механизм ойлап тапты, екі доңғалақты темірмен қаптады.
1847 – Шотландық Р.Томпсон бос шиналарды үрілетін камералары бар бүтін резина шиналарға ауыстырды.
1853 – Неміс Мориц Фишер алдыңғы доңғалағында педаль және артында тежегіші бар экипаж ойлап тапты.
1869 – Францияда ағайынды Пьер мен Эрнест Мишо бу қозғауышы бар алғашқы велосипед жасады.
1884 – «Ровер Сейфти» - бұл велосипедтің алдыңғы кішкене доңғалағы конструкторларға рульді оңайлату мүмкіндігін туғызды.
1885 – Джон Старли (АҚШ) қазіргі велосипедке ұқсас барлық жарақтары бар велосипед ойлап тапты.
80-90 – Филадельфияда (АҚШ) ағайынды Каупленд бу қозғауышы бар екі және үш доңғалақты велосипедтер жасады.

Таңғажайып фактілер

Қазіргі кезде велосипедтер көптеген елдің тұрғындарының негізгі көлігіне айналды. Велосипедке мінген жұмысшылар жұмысына, оқушылар – мектепке, үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер – дүкендер мен базарға жетуге асығады.Адамдарға қолайлы болу үшін қазіргі кезде велосипедтердің сан алуан түрі жасалған. Автомобильдің жүк салғышына сыйып кететін шағын немесе жиналмалы велосипедтер қаншама. Оларды лезде екіге бөлектеуге, болмаса тез арада қайтадан құрастыруға болады. Шағын доңғалақты велосипедтер де бар, олармен машиналары көп осы заманғы қалаларда жүру қолайлы.Арнайы велосипедтердің қаншама түрі бар. Оның бір түрлері мен цирк артистері неше алуан трюк жасап өнер көрсетсе, басқа бір түрлерімен пошта, азық-түлік тасылады. Балаларға, үлкендерге арналған үш доңғалақты велосипедтер де бар.   1649 – Г.Ганштель (Германия)1693 – Р.Ла Рошелли (Франция)1752 – Леонтий Шамшуренков (Ресей)1761 – Овенден (Англия) – төрт доңғалақты арба негізінде шыққан.1791 – Францияда алғаш рет граф Меде де Сиврак ойлап тапқан екі             доңғалақты ағаш арба (самокат) пайда болды. Оны «селерифер» деп атаған.1792 – Селериферді неміс офицері, камергер Карл Фридрих Дрез меңгеруші алдыңғы доңғалақпен жабдықтады.1801 – Алғашқы екі доңғалақты велосипедті Ресейде Ефим Артамонов жасаған.1830 – Германияда Филипп Фишер алдыңғы доңғалағы екі метр, артқы доңғалағы кішкентай, педальмен жабдықталған экипаж ойлап тапты.1830 – Ағылшын өнертапқышы Крикпатрик Макмиллан оның шайқалып тұрған педальдарын артқы доңғалақпен біріктіретін шынжырлы механизм ойлап тапты, екі доңғалақты темірмен қаптады.1847 – Шотландық Р.Томпсон бос шиналарды үрілетін камералары бар бүтін резина шиналарға ауыстырды.1853 – Неміс Мориц Фишер алдыңғы доңғалағында педаль және артында тежегіші бар экипаж ойлап тапты.1869 – Францияда ағайынды Пьер мен Эрнест Мишо бу қозғауышы бар алғашқы велосипед жасады.1884 – «Ровер Сейфти» - бұл велосипедтің алдыңғы кішкене доңғалағы конструкторларға рульді оңайлату мүмкіндігін туғызды.1885 – Джон Старли (АҚШ) қазіргі велосипедке ұқсас барлық жарақтары бар велосипед ойлап тапты.80-90 – Филадельфияда (АҚШ) ағайынды Каупленд бу қозғауышы бар екі және үш доңғалақты велосипедтер жасады.

● Арнайы модификацияланған велосипед сағатына 268км жылдамдықпен жүреді.
● 1988 жылы Лондоннан Брайтонға дейін аралықта болған велосипед жарысына 31.000-нан аса адам қатысты.
● 1903 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан Тур де Франс жарысы – 21 күнге созылатын ең үлкен велосипед жарысы.

Мақала авторы: Даулетьяров Темірлан - №4 мектептің 8 сынып оқушысы.