- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Үй-тұрмыс техникасы Просмотр термина
Қайшы
Қайшы - кесуге, қырқуға арналған құрал
Қайшы – 1) тұрмыста, әр түрлі заттарды (мата, шүберек, шаш, т.б.) кесуге, қырқуға арналған құрал. Қайшының қос пышағы айқастырылып, ортасынан бекітіледі. Қайшы пышақтарының ұшы үшкір, екінші жағы ұстауға ыңғайлы болу үшін саусақтар сұғылатындай дөңгелек пішінді болып жасалады.
2) Техникада, пышақтарының жүздері кесу жазықтығында қарама-қарсы қозғалу арқылы металл бұйымдар мен дайындамаларды кесуге, қырқуға арналған қарапайым құрал не машина. Қайшы аспаптық болаттан жасалады. Металл кескіш қайшылардың бір пышағы қозғалмайтын, екіншісі қозғалмалы болып бекітіледі. Металл табақтарды кесу үшін түзу сызықты және дөңгелек жүзді (дискілі) қайшылар пайдаланылады. Қайшының гильотиндік, сортты, оймалық, вибрациялық түрлері бар. Қайшылардың қозғалмалы пышақтары тісті немесе рычагты берілістер және кривошипті жетектер арқылы қозғалады. Металл кескіш қайшы негізінен прокат өндірісінде қолданылады.
Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.
Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!