Біз

Біз - тігуге арналған құрал. shilo.jpeg
Біз — ісмерлер, етікшілер, ершілер тұтынатын темірден соғылған сайман. Кейде Бізді “шаншар” деп те атайды. Біз ежелгі заманда мүйізден, сүйектен, жабайы жиденің, бұтаның үшкір, қатты, салалы тікенектерінен жасалған деген деректер бар. Оған дәлел қазақ шеберлерінің қайсыбірі күні бүгінге дейін кәрі жіліктің құрығынан жасалған Бізді пайдаланады. Сақ дәуірінен бері қарай Бізді қоладан, мыстан, жезден жасаса, қазір болаттан соғылған Бізді тұтынады. Біздің тебенін ағаш, мүйіз сапқа бекітеді. Сабы жарылып кетпеу үшін, сағақ тұсын мыс немесе жез сақинамен құрсаулайды. Оны “мойнағы” деп атайды. Жұмыс ыңғайына қарай тігіс Біз, шеге Біз, таспа Біз, ілмек Біз, кесте Біз, үскі Біз, т.б. атайды.

Бiз ағаш, пластмасса немесе металлдық сапты иемдене алады. Тiгiн тебен инеге қарағанда, әкеңнiң өлгенiн жасырасыңның ұшы саңылауды алмайды.


Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!