Меңдіқұлов Малбағар

МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ Қазақстанда сәулетшілер мектебінің және ғылымының негізі қалаушысы. mendikulov1.png
Малбағар Меңдіқұлов 1909 жылы 10 қарашада Орынбор губерниясының Адамов ауданында тұған. 1930 жылы Ташкент қаласында Орта Азиялық, индустриаялдық институттың архитектура факультетінде түciп, 1936 жылы үздіқ бітірген.
1936-1941 жж. «Өзбек жеңіл өндіріс жобасы» мен «Ташкент қаласының жобасы» жобалау институтта архитектор, аға архитектор, топ басшысы қызметін атқарады. 1941 жылы Малбағар Меңдіқұлов Ташкент қаласының бас архитекторы болып қызмет істеді. Осы жылдарда «Ташкент қаласыньщ жобасы» институтында Өзбекстан астанасының орталығын жобалаумен шұғылданған, атап айтқанда Науаи данғылы мен Ә. Науаи атындағы театр, Ташкент қаласында «Fылыми қызметкер» үйін және бұқаралық тұрғын үйлер жобасын жасап, оны салады. Қарақалпақстанда Hүкic қаласындағы Ішкi icтep наркоматының Бас әкімшілік үйінін жобасын жасаған. Осы жылдары ipi гидротехникалық құрылыстар: Өзбекстандағы Үлкен Ташкент каналының Ангрен дюкерi және Ферғана кана¬лы, Қырғызстандағы Шу каналдары Өзбекстанның шөлейт аудандарын суландырған. Сонымен қатар ол Өзбекстан архитекторлары Одағы Басқармасының Төрағасы болған.

Соғыс ардағері: Ұлы Отан соғысындағы ерен epлiгi үшін Қызыл Ту ордені, Отан соғысынын I және екі рет II дәрежелі ордендерімен, Қызыл Жулдыз ордені, Польшаның «Вертутен Милитари» II дәрежелі орденмен және «Ерлiгі үшін» басқада қөптеген медальдармен марапатталған.

1945 жылы майор М. Меңдіқұлов Ташкент қаласына оралады. Ташкентте ол 1947 жылға дейін республикалық «Өзбек жоспарлау-жобалау» Институтын басқарды. Ташкенттің Науаи көшесіндегі газет-журнал комбинатының Бас ғимараты, т.б. жобалардың авто¬ры болып табылады.
1947 жылы М. Меңдіқұлов ҚСРО Мемлекеттік құрылыстың жолдамасы бойынша және Қазақстан үкіметтің шақыруымен Алматыға келеді Осы сәттен бастап оның бар өмipi мен шығармашылық қызметі Алматы қаласы мен туған елі Қазақстанмен тығыз байла нысады.
1948-1956 жж. Меңдіқұлов Қазақстан архитекторлар Одағы Басқармасының Төрағасы етіп сайланды, содан 1986 ж. дейін архитекторлар Одағының Mұшeci болды.
1950 жылы Москва қаласында М. Меңдіқұлов кандидаттық енбегін қөрғап, Қазақстандағы архитектура саласындағы алғашқы ғылым кандидаты атанады.
1952-1954 жж. «Қазмемжоба» жобалау институтынын шы¬ғармашылық басшысы болып қызмет етеді
1955 жылы Қазақ ҚСР Министрлер Keнeci жанындағы архи¬тектура мен құрылыс ici бойынша Басқарманың бастығы болып тағайындалады.
1957-1964 жж. ҚСРО құрылыс және архитектура Академиясының Қазақ филиалдын 6ipiншi Президенті. 1957 ж. – ҚСРО құрылыс және архитектура Академиясының муше-корреспонденті.
1964-1971 жж. М. Меңдіқұлов Алматы қаласынын архитектуралың жоспарлау басқармасының бастығы, Алматы қаласының Бас Архитекторы болып қызмет етеді

М. Меңдіқұлов Ташкент, Алматы, Нүкіс қалаларынын қоғамдық орталықтарының құрылысы мен қайта ққұруынын авторларының 6ipi болған. Сонымен қатар Шымкент, Жезқазған, Атырау және т.б. қалаларын жоспарлауда тәжірибелік көмек көрсеткен.
М. Меңдіқұлов Қазақстандағы 6ipқатар ғажап ғимараттар мен нысандардың авторы болып табылады. Олардың қатарында: Алма¬ты қаласындағы Неқе сарайы, шарап зауытының Әкімшіліқ 6өлегi, Жамбыл Жабаев пен Мухтар Әуезовтің есқертқіш-бюстілері, «Қарлығаш» және «Айнабұлақ» кафелері, Семейдегі Абайдың мұражайын қайта құрудың авторы, Мәскеудеғі Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесінің Қазақ павильоны жобасының ав¬торы және т.б.
1970 жылы М. Меңдіқұлов «Қазақ ҚСР-на еңбеқi ciңгeн архитектор» қурметті атағы берілді.

М. Меңдіқұлов Қазақстандағы архитектура ғылымының негізiн салушы болып табылады. Ол халық жәдігерлері мұраларын терең зерттеумен айналысады, Қазақстан архитектурасының тарихи есқерткіштерін өлшемдерін зерттеу, сипаттау, орындауға арналған ғылыми экспедицияларды басқарады. Ол - көрнеқті ғалым, 70-тен астам ғылыми енбеқтің авторы.
1976 жылы М. Меңдіқұлов Қазақстандағы алғашқы да 6ipeгей архитектура профессоры деген атақ берілді.
Ол сондай-ақ көп қажыр-қайратын қоғамдық жұмыстарға да жұмсаған: 2 рет Қазақ ҚСР Жоғары Қеңесінің, бір неше Алматы қалалық халық депутаттары Қеңесінің депутаты болып, Қ,азақстан архитекторлар Одағы Басқармасының төрағасы болып 6ipнeшe қайтара сайланған.

Үкімет тарапынан оның ұзақ жылғы еңбегі 8 орден, 17 медальдармен, көптеғен атақтармен марапатталған, ҚазГор Академиясының академигі.
Оны есте қалдыру мақсатында Алматы қаласының Самал-2 және Самал-3 шағын аудандарындағы қөше «М. Меңдіқұлов бульвары» деп аталады. Соңғы жылдары ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Қазақ Мемлеқеттіқ Архитектура Құрылыс Академиясына сондай-ақ мемориалдык тақта орнатылып, Меңдіқұлов атындағы стипендия мен диплом тағайындалып, оның атында аудитория ашылған.


Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!