Математика

Алгебралық сан — барлығы бірдей нөлге тең болмайтын рационал коэффициентті бар көпмүшесінің түбірі болып табылатын комплекс сан (дербес жағдайда нақты сан).
Көлем – геометриялық денелердің кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама.
Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs — тік) — берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық).
Призма, оптикалық — сәуле жиілігінің белгілі бір интервалында мөлдір болатын материалдардан жасалған және жазық беттермен шектелген дене.
Шама — мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылған негізгі математикалық ұғымдардың бірі.