Оптика

Көзілдірік – көздің оптикалық кемістігін түзету, Күн сәулесінен, шаң-тозаңнан, химиялық заттар әсерінен қорғау үшін қолданылатын құрал.
Спектр (лат spektrum – елестету, бейне) – физикада берілген физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы.
Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал.
Фотодиод — жұмыс істеу қағидасы ішкі фотоэффектіге негізделген, р-п өткелінен тұратын және екі шықпасы бар фотоэлемент
Фотоэлемент — электрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын электрондық прибор.