- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет
Энциклопедия

Энциклопедия
Парафин (лат. parum – аз және affіnіs – ұқсас) – C18H38 – C35H72 құрамындағы қаныққан көмірсутектерінің қоспасы; мұнай өнімі.
Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs — тік) — берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық).
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе
жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала
қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның
нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Призма, оптикалық — сәуле жиілігінің белгілі бір интервалында мөлдір
болатын материалдардан жасалған және жазық беттермен шектелген дене.
Процесс - белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын тізбектелген әрекеттердің жиынтығы;
Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.
Реактивті сопло (қақпақ тұмсық) (Реактивное сопло)
— реактивті қозғалтқыштың бір бөлігі болып саналатын қондырғы.
— реактивті қозғалтқыштың бір бөлігі болып саналатын қондырғы.
Салмақ — Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы
Спектр (лат spektrum – елестету, бейне) – физикада берілген физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы.
Спирттер ( ағыл. spіrіt) – құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары.