Қайық

Қайық – ескекпен, желкенмен немесе қозғалтқыш күшімен қозғалысқа келтірілетін суда жүзуге арналған шағын қатынас құралы.

boat.jpg Қайық адамзат баласына ерте заманнан белгілі. Голландиядағы Пессе (Дренте аймағы) деген елді мекеннен археологиялық жұмыстар барысында ұзындығы 3 м орта тас (мезолит) дәуіріне жататын моноксил қайық табылған.

Неолит және қола дәуірлерінде үлкен теңіздер мен мұхит жағалауларын мекендеген халықтар күнделікті тұрмыста су жануарларының терілерімен қапталған ағаш немесе сүйек қаңқалы қайықтарды пайдаланған.

Қазіргі кезде қайық көбіне спорттық және кәсіптік мақсаттарға пайдаланылады. Әскери кемелердің кейбір түрлерінің атауында қайық сөзі кездеседі. Мысалы, сүңгуір қайық, канонерлік қайық, ұшатын қайық – гидроұшақ.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!