Криптон

Криптон (Krypton), Kr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент;

  kripton.jpgинертті газ, ат. н. 36, ат. м. 83,3. Тұрақты 6 изотопы (78 – 86), жасанды жолмен алынған 18 радиоактивті изотопы бар.

Криптонды 1898 ж. ағылш. химиктері У.Рамзай мен М.Траверс сұйық ауаны буландырғаннан қалған бөлігінен тапқан. Криптон түссіз, иіссіз газ, балқу C. Молекуласы бір атомнан тұрады. Криптон табиғатта°C, қайнау t –153,2°t –157,1 атмосферада (салмақ бойынша 0,0003%) кездеседі. Сыртқы электрондық қабатының 8 электроны тұрақты болғандықтан хим. реакцияға өте баяу түседі. Криптон молекулааралық күштер әсерінен қосылыстар түзеді. Криптон газ ажыратқыш түтіктерде, лазерлерде, криптонды шамдарда, т.б. қолданылады.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!