Доломит

Минерал

dolomite500.jpg Доломит (француз геологы Д.Доломьенің есімімен аталған) –

1) карбонаттар класының минералы [CaMg (СО3)2]. Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары ромбоэдр, призма пішіндес. Ірі кристалды агрегаттары гидротермальдық түзілімдер мен қайта кристалданған карбонатты қабаттарда кездеседі. Түсі сұрғылт ақ, кейде сарғыш, қоңыр немесе жасыл реңді болады. Қаттылығы 3,5 – 4, меншікті салмағы 2,85 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш;

2) негізінен Доломит минералынан тұратын шөгінді карбонатты тау жынысы. Негізгі қоспалары кальцит, ангидрит. Доломит әдетте әктаспен бірге кездеседі және құрамындағы Доломитің мөлшеріне байланысты әктас Доломит (95 – 75%) және Доломитті әктас (50%-дан аз) болып бөлінеді. Егер негізгі қоспа – ангидрит болса, тау жынысы ангидритті Доломит, саз болса Доломиті мергель, құм болса құмды Доломит деп аталады.

Доломит кембрийге дейінгі және палеозой шөгінділерінде кең таралған. Ол металлургияда (отқа төзімді материал, флюс ретінде), шыны өнеркәсібінде, глазурь және ақ магнезит әзірлеуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығында топырақтың қышқылдығын азайту үшін қолданылады.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!