- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Мұнай & Газ Просмотр термина
Ескене
Ескене– Атырау облысының Мақат ауданындағы кент, округ орталығы.
Аудан орталығы — Мақат кентінен оңтүстік-батысқа қарай 85 км жерде, Каспий ойпатының сор топырақты шөл белдемінде орналасқан. Тұрғыны 0,5 мың адам (1999). Іргесі 1934 жылы Оңтүстік Ескене мұнай кенінің ашылуына (1932) байланысты қаланған. Ескене маңында 40-тан астам мұнай өндіру ұңғымалары (1999), мұнай құю станциялары бар. Мұнай өндіруді Доссор мұнай-газ басқармасы жүзеге асырады. Ескенеде мектеп, дәрігерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.