Жол

Жол – адамдар мен көлік құралдарының жүруіне, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналып салынған (белгіленген) барлық жүру және тасымалдау желілерінің жалпы атауы. road_cross_section.jpgПайдаланылатын көлік құралының түріне қарай жаяу жүрушілер мен велосипедшілерге арналған жолдар, темір жол, автомобиль жолы, әуе жолдары және су жолы болып бөлінеді. Ірі қалаларда жер асты жолдары болады.

Тоқтау жолы - жол, көлік құралының жүргізушісі кауіпті анықтаганнан көлік құралының толық тоқтағанына дейінгі немесе тежеудің соңына дейінгі жол.

Автомобиль көлігінің жүріс жолы - барлық құрылғыларымен жабдықталған автомобиль жолы: кепір, тоннель, жол өткізгіші және т.б.

Тежелу жолы - көліктің тежеуіш иінін басқаннан толық тоқтағанға дейінгі немесе толық тежеуге дейінгі тоқталуы.