Өзен алабы

Өзен алабы (Речной бассейн) - жер беті және әрі жер асты арқылы (топырақ және таужыныстар қабаттары аркылы) жалпы су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын, өзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы. ozen_audany.jpgКейде “су жиналатын алап” деп те аталады. Әрбір өзен алабы жер беті және жер асты (топырақ, таужыныстар қабаттары) арқылы су жиналатын алаптарға бөлінеді. Әрбір өзеннің су жиналу алабы басқа өзеннен суайырық арқылы бөлінеді. Өзен алабы өзінің ауданы, биіктік белдемі мен таралуы, орташа биіктігі, ені, еңістігі арқылы сипатталады. Өзен алабы ағынды және тұйық болып ажыратылады. Басқа өзен жүйесімен, мұхиттармен байланыспайтын өзен алабы тұйық алапқа жатады (Каспий, Арал теңіздеріне құятын өзендер). Өзен алабының пішіні, мөлшері, географиялық орны, жер бедері геологиялық құрылысына байланысты әр түрлі болып келеді. Ең ірі өзен алабы Оңтүстік Америкадағы Амазона алабы (ауданы 7,2 млн. км2). Қазақстандағы ірі өзендердің өзен алабының ауданы Ертісте 1643 мың км2, Сырдарияда – 462 мың км2, Жайықта – 237 мың км2, Іле өзенінде 140 мың км2.

Өзен алабының су беру мүмкіндігі

Өзен алабының су беру мүмкіндігі (Водоотдача речного бассейна) — белгілі бір уақыттағы өзен алабының су беру көлемі. Ол — алқаптағы жиналған судың белгілі уақытта жерге сіңгеннен кейінгі қалған айырмасына тең болады (тәуліктік, онкүндік және т.б. болып бөлінеді).

Өзен алабы

Өзен алабының ұзындығы (км) — өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейіңгі түзу қашықтық.