Процесс

Процесс - белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын тізбектелген әрекеттердің жиынтығы; process.jpgПроцесс - [ лат. proccessus - ілгерілеу ]
1) бір нәрсенің дамуы қалпындағы құбылыстардың кезегімен алмасуы;
2) қандай да бір нәтижеге жету үшін әрекеттердің бірізді жиынтығы.
3) программа жөне оның жұмыс істеуіне қажетті жүйелік ресурстар; операциялық жүйедегі жұмыстың логикалық бірлігі. Мысалы, Windows NT жүйесінде процесс кұрамына виртуал адрестік кеңістік, орындалатын программа, бір немесе бірнеше басқару ағыны, белгілі бір мөлшерлі пайдаланушылар қоры, операциялық жүйе бөліп берген жүйелік ресурстар кіреді;
4) белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын тізбектелген әрекеттердің жиынтығы;
5) белгілі бір жүйенің қалып-күйлерінің уақыт бойынша реттелген тізбегі; алгоритмнің, программаның атқарылуы.