- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Материал тану Просмотр термина
Температура
Температура: (латынша temperaturа - араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй) - макроскоп. Жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
Тарихы
Егер оқшауланған немесе тұйықталған жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болса, онда оқшауланған немесе тұйықталған жүйенің кез келген бөлігінде температура бірдей болады. Ал егер жүйе тепе-теңдік күйде болмаса, онда жылу (энергия) оның температурасы жоғары бөлігінен температурасы төмен бөлігіне қарай ауысып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйенің барлық бөліктеріндегі температура өзара теңеседі. Молекула кинетикалық теория тұрғысынан тепе-теңдіктегі жүйенің температурасы сол жүйені құрайтын атомдардың, молекулалардың т.б. бөлшектердің жылулық қозғалысының қарқындылығын сипаттайды. Мысалы классик. стастик. физиканың заңдарымен сипатталатын жүйе үшін бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің абсолют температурасына тура пропорционал болады. Бұл жағдайда температура дененің жылыну (қызу) дәрежесін сипаттайды. Жалпы жағдайда температура жүйе энергиясының энтропия бойынша алынған туындысымен анықталады және ол әрқашан оң болады. Осылай анықталған температура абсолют температура немесе термодинамикалық шкала температурасы деп аталады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде абсолют температурасының бірлігіне кельвин (К) қабылданған. Көп жағдайда температураны Цельсий шкаласы (t) бойынша өлшейді. Ал t және Т бір-бірімен: t=Т-273,15К теңдігі арқылы байланысқан (мұнда Цельсий градусы кельвинге тең). Дене температурасы термометр арқылы өлшейді.
Түрлері
1.Реперлік нүктелер
2.Тұрақты нүктелер
Температуралық шкала-температураның әр түрлі мәндеріне сәйкес келетін цифрлар тізбегінің жүйесі. Температура тікелей өлшеуге болмайтын шама. Сондықтан оның мәнін қарастырылып отырған заттың басқа бір физикалық қасиетінің (көлемнің, қысымның, электр кедергісінің, ЭҚКнің,сәуле шығару қарқындылығының және т.б.) температуралық өзгерісі бойынша анықтайды. Температуралық шкаланы құру үшін температураның бастапқы санақ нүктесі және температура бірлігінің өлшемі (градус) таңдап алынады. Эмпирикалық температуралық шкала әдетте осылай анықталады. Температуралық шкалада негізінен бір құраушылы жүйенің фазалық тепе-теңдік нүктелеріне (реперлік немесе тұрақты нүктелер деп аталатын) сәйкес келетін негізгі екі температура белгіленеді. Бұл екі температураның ара қашықтығы температуралық шкаланың негізгі температуралық интервалы деп аталады. Реперлік нүкте ретінде: судың үштік нүктесі, судың, сутектің және оттектің қайнау нүктесі, т.б. нүктелер алынады. Бірлік интервалдың (температура бірлігі) мөлшері негізгі интервалдың белгілі бір үлесі ретінде анықталады. Температуралық шкаланың бастапқы санақ нүктесі үшін реперлік нүктелердің бірі алынады. Мысалы, Цельсий шкаласында бастапқы санақ нүктесі үшін судың қату (мұздың еру) нүктесі алынады.
Судың қату және қайнау нүктелерінің арасындағы негізгі интервал 100 бөлікке бөлінеді (n=100). Температуралық шкала-өлшенетін физикалық шамалардың мәндерімен сызықты байланыста болатын температура мәндері тізбегінің жүйесі. Жалпы жағдайда температуралық шкалалар термометрлік затқа (газ, сұйық, қатты дене) термометрлік заттың қасиетіне (денелердің жылулық ұлғаюы, т.б.), сондай-ақ реперлік нүктеге тең болады. Цельсий (0 С), Реомюр (Rе) және Фаренгейт (F) шкалаларында қалыпты қысымдағы мұздың еру және судың қайнау нүктелерінде температураның әр түрлі мәндері сәйкес келеді. Температураның бір шкаладағы мәнінен екінші шкаладағы мәніне көшуге арналған қатынас төмендегіше болады. nC=0,8n Re=(1,8+32) F. Эмпирикалық температуралық шкаланың термометрлік заттың қасиетіне тәуелді болуы оның негізгі кемшілігі болып есептеледі.
Термодинамиканың екінші бастамасына негізделген (Термодинамиканың бастамалары) Термодинамикалық температуралық шкалада мұндай кемшілік жоқ. Абсолют термодинамикалық температуралық шкала (Кельвин шкаласы) Карно цикліне негізделіп жасалды. Цельсий және абсолют термодинамикалық температуралық шкалаларда өрнектелген температуралар арасындағы қатынастар төмендегідей жазылады: ТК=tC+273,15K; nK=nC, яғни температураның бұл шкаласындағы бірліктердің мөлшері бір-біріне тең.
Жазған: Ізбасарова Ғазиза, №2 мектеп 8а сынып оқушысы