Электр энергетика /Қазақстан/

Қазақстанның электр энергетикасы

 

energy_kazakstan.jpg
Тарихы

Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне қарай Қазақстан электр энергетикасының дамуын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.

Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн, әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.

Қазақстанда қазiр энергетикалық өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялары дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады.

Қазақстан өзендерiнiң су энергетикалық әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр.

2009 - 2014 жылдары республикада мұнай және газ конденсатын Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кенорындары өндіреді. Бүкіл әлемде энергетикалық қажеттіліктің өсуі, мұнай мен табиғи газ бағасының тұрақсыздығы; органикалық отынды пайдалануға байланысты экологиялық шектеулер бірқатар елдерді алаңдатып отыр.  Осы жолда атом энергетикасы басқа энергия технологияларымен салыстырып қарағанда маңызы зор. Елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС салу және оны іске қосу жұмыстары жандандырылуда. Уран өндіру бойынша Қазақстан бірінші орынға ие болып отыр.

Болашаққа жоспар


Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бірінші кезекте Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-і, Мойнақ ГЭС-ін салу құрылысы, “Қазақстанның Солтүстігі—Оңтүстігі” жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екінші желісі құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы қуат тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Республиканың оңтүстік өңірлерінің газға сұранысын тұрақты қамтамасыз ету үшін “Бейнеу—Шымкент” магистральді газ құбыры мәселесі мүмкіндіктерін талданып, құрылысты бастау жұмыстары жандандырылып жатыр. Ақтау қаласында атом электр станциясын салу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет. Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш-жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс.

Электр энергиясын үнемдеу

Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Ол үшін әр оқушы үйінде тиімді қыздыру шамдарын пайдаланып, мектепте өткізілетін «Электр энергиясын үнемдеу» дөңгелек үстел сағаттарына белсенді қатысып, осы тақырыпта теледидардан бағдарламалар қарап, үнемді пайдалану жолдарын бір-бірімізге айтып отыруымыз керек. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет. Үкімет осы жұмысты кеңінен қолға алуы тиіс.

Жазған: Капсенов Сұлтан, Ақсай қаласы №4 мектебінің 7 А сынып оқушысы