Бас бет arrow Энциклопедия arrow Механикаarrow Просмотр термина

Іштен жану қозғалтқышы

Іштен жану қозғалтқышы - іштен жану қозғалтқышын 1860 жылы француз механигі Э. Ленуар ойлап шығарды. engine_2.jpgМұндай атау оған отын сыртта жағылмайтын болғандықтан берілді. Шамамен осы жылдары Ресейде бензинді пайдаланатын қозғалтқышты О.С. Костович жасады. Бұл қозғалтқышта жанармай қоспасы карбюратор деп аталған арнайы құрылғының көмегімен алынады.

Құрылысы мен жұмыс істеу принципі

Қазіргі төрт цилиндрлі іштен жану қозғалтқышы. Қозғалтқыштың цилиндрлерінің ішіндегі поршеньдер иінді валмен жалғанған, ол маховикке бекітілген. Әр цилиндрдің үстіңгі жағында екі: бірі кіргізетін, екіншісі шығаратын қалпақшалар бар. Біріншісі арқылы жанармай қоспасы цилиндрге келеді, ал екіншісі арқылы жанған қалдықтар сыртқа шығады.

Іштен жанатын бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі:

Қозғалтқыштағы бір жұмыс циклі – поршеннің төрт тактінің ішінде жүзеге асырылады. Сондықтан мұндай қозғалтқыштар төрт тактілі қозғалтқыштар деп аталады.

Бірінші тактіде қалпақша ашылып, цилиндрдің ішіне жанғыш қоспа сорылады. Поршень жоғары қарай қозғалып, жанғыш қоспа сығылады. Сондықтан екінші такт сығу деп аталады. Үшінші тактіде тұтандырғыш шамда ұшқын көрінеді, сығылған жанғыш қоспа от алып, тез жанады. Бұл тактіде қозғалтқыш пайдалы жұмыс атқарады, сондықтан үшінші тактіні жұмыстық жүріс деп атайды. Үшінші тактінің соңында, поршень төменгі шеткі орынға келген кезде, шығару қалпақшасы ашылады.

Маңыздылығы

1897 жылы неміс инженері Р. Ризель ауа сығылатын іштен жанатын қозғалтқыш жасады. Отынды жағатын арнайы құрылғы бұл қозғалтқышқа керек болмады, яғни карбюратор да керек емес. Жаңа қозғалтқыштар дизель деп аталды.

Дизель қозғалтқыштары үнемді жылу қозғалтқышы: олар арзан отын түрлерімен жұмыс істейді және ПӘК-і 31–44% (карбюраторлық қозғалтқыштардың ПӘК-і 25-30%). Олар тракторларда, тепловоздарда, танкілерде, жүк машиналарында, қозғалмалы электр станцияларында қолданылады.

Жаңа қозғалтқышты жасаған өнертапқыштың өмірі қайғылы болды. 1913 жылы 29 қыркүйегінде ол Лондонға баратын пароходқа отырады. Ертеңіне оны каютадан таппады. Талантты инженер із-түісіз жоқ болды. Ол Ла-манш суына секіріп, өзін-өзі өлтірді деген болжам бар.

Іштен жанатын қозғалтқыштың жасалуы автомобиль құрылысында үлкен рөл атқарады. Бензинмен жұмыс жасайтын іштен жану қозғалтқышы бар автомобильді 1886жылы Г.Даймлер жасады. 1892 жылы өзінің бірінші автомобилін Г. Форд (АҚШ) жасады. Олардың біріншісінде автомобильдердің орташа жылдамдығы 24 км/сағ қана болды, бес жылдан соң 100 км/сағ-қа жетті.

Экологиялық проблемасы

Қазіргі таңда жану өнімінің зиянды қалдықтарынан табиғатты қорғау мәселесі күрделеніп бара жатыр. Адамзаттың алдында Жер шарының жекеленген аймақтарында да, бүкіл планета ауқымында да табиғатты қорғаудың зор міндеті тұр. Соңғы 25 жылда атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері 345 млрд тоннаға артты.

Бірақ адамзат өзінің іс-әрекетінде машинаны пайдаланудан бас тарта алмайды. Сондықтан жылу машиналарын қолданудың көлеңке жақтарының зардаптарымен күресудің қажеттілігі туады.

Даму тарихы

1900 жылдан соң арнайы жарыс автомобильдері шығарыла бастады. Жыл сайын оның жылдамдығы өсіп отыр. 60жылдары поршеньді қозғалтқышты автомобильдердің жылдамдығы 600 км/сағ асты, ал автомобильге газотурбинді қозғалтқышты орнатқанда оның жылдамдығы 900 км/сағ жетті. 1997 жылы Э. Грин өзінің ракеталы автомобилінде “Траст SSC” ракетасында 1227, 985 км/сағ жылдамдыққа жетті, яғни, ауадағы дыбыс жылдамдығынан асты. Соңғы 2009 жылдың үш кварталындағы ең көп автомобиль өндірген мына компаниялар екен:Volkswagen — 4,4 млн дана, дүниежүзілік үлесі — 11,7 %, Toyota—4 млн дана, Ford —3,7 млн, General Motors — 3,6 млн дана.

Еліміздің Өскемен қаласында (Chevrolet, ВАЗ, ВАЗ «Нива», Skoda, KIA), Павлодар қаласында ауылшаруашылығының техникалары, Орал қаласында өрт сөндіру машиналары құрастырылады. Орал қаласындағы «Зенит» зауыты Қазақстанның теңіз қарулы күштеріне арнап кеме шығаратынын мақтан тұтамыз.

Жазған: Байниязов Әділет, Ақсай қаласы №4 орта мектебінің 7 сынып оқушысы