- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Әскери техника Просмотр термина
Калибр
Калибр (франц. calіbre) – бұйымдардың мөлшері мен пішінінің және оның бөлшектерінің өзара орналасу қалпын тексеруге арналған шкаласыз өлшеуіш құрал.
Калибр бұйымның қалыпты мөлшерін тексеретін қалыпты калибр және оның ауытқу шамасын бақылауға арналған шектік калибр болып ажыратылады. Пайдалану мақсатына қарай – калибр білік тексеруге, саңылау мөлшерін анықтауға, сызықтық шамаларды тексеруге және конустық жалғастыруға арналған калибрлер болып бөлінеді;
металл өтетін прокат біліктерінің арасындағы саңылау. Өңделетін дайындамаға сәйкес ол сығатын (созатын), дайындық және өңдеу жұмыстарына арналған калибрлерге ажыратылады;
ату қаруының оқпанының ішкі диаметрі, снарядтың (оқтың) көлденең қимасының ең үлкен диаметрі. Калибр оқ ататын қару қуатын анықтайтын негізгі шамалардың бірі. Жылтыр оқпанды қаруда оқпанның ішкі диаметрімен, оқпаны иір ойықты қаруды – ойықтардың қарама-қарсы қырларының ара-қашықтығымен анықталады. Конус оқпанды зеңбіректер кіру және шығу калибрлерімен сипатталады. Қазіргі қару-жарақтың барлық түрінің калибрлерін белгілеуге мм өлшемі қолданылады. Аңшының жылтыр оқпанды мылтығының калибрі 400 г таза қорғасыннан құйылған, массасы мен диаметрі бірдей жұмыр оқтар санымен көрсетіледі. Мысалы, 400 г таза қорғасыннан диаметрлері өзара бірдей 12 немесе 16 оқ құйылса, тиісінше мылтық калибрі 12 не 16 санымен өрнектеледі.
Калибрден кіші снаряд
Калибрден кіші снаряд (Подкалиберный снаряд) — жоюшы бөлігінің диаметрі езі арналған зеңбірек калибрінен кіші болып келетін басты мақсаттағы артиллериялық снаряд. Ұңғы арнасымен дұрыс жүруі үшін калибрден кіші снаряд қарудың калибріне сәйкес жетекші құрылғымен жабдықталады. Калибрден кіші снаряд калибрінің кіші болуы қалыпты калибрлі снарядпен салыстырғанда оның салмағын азайтады, бұл нақтылы калибрдегі зеңбіректе снарядтың едәуір жоғары бастапқы жылдамдығына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, калибрден кіші снарядтың жетекші құрылғыдан бөлінгеннен соң, ұшуы кезінде снарядтың көлденең қима ауданы азаяды, бұл оның баллистикалық коэффициентінің жақсаруына себептеседі. Осы касиеттердің болуы нәтижесінде Калибрден кіші снарядта едәуір ұзақ (2 есеге дейін) атыс және тура ату қашықтығына жетуге болады, нысанаға дейінгі ұшу уақытын құрт қысқартады және әдеттегі қарулармен салыстырғанда сауыт бұзу және жылжымалы нысаналарды (ұшақтар, танктер және т. б.) жою мүмкіндіктері артады. Ұшуы кезіндегі тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсіліне байланысты Калибрден кіші снарядтар айналатын және қанатты болып бөлінеді. Қанатты Калибрден кіші снарядтар жетекші құрылғылардың құрылысына қарай тегіс ұңғылы және ойықты зеңбіректерден атылуы мүмкін. Жетекші құрылғылар жеңіл металдардан немесе полимер материалдардан жасалады. Олар ұшу кезінде бөлінбейтін, ұңғы арнасынан ұшқаннан кейін бөлінетін және ұңғы арнасы бойымен қозғалыс кезінде сығылатын болып бөлінеді.
Калибрден үлкен снаряд
Калибрден үлкен снаряд (Надкалиберный снаряд) — корпусының ең үлкен диаметрі қарудың калибрінен артық болатын снаряд (мина). Калибрден үлкен снаряд, әдетте, салыстырмалы түрде жеңіл қарудан (қол гранататқыштан, кейбір минаатардан, кері теппейтін зеңбіректерден, т.б.) қысқа қашықтыққа бастапқы жылдамдығы аз атыс кезінде олардың қуатын жоғарылату қажет болған жағдайда жасалады және қолданылады. Зеңбірек (гранататкыш) Калибрден үлкен снарядпен ұңғы жағынан оқталады. Калибрден үлкен снарядтың ұшудағы тұрақтылығы тұрақтандырғыш арқылы қамтамасыз етіледі. Калибрден үлкен снаряд Бірінші дүниежүзілік соғыста кең қолданылған. Калибрден үлкен снарядка мысал ретінде американдық кері теппейтін "Деви крокет" зеңбірегінің ядролық оқ-дәрісін, германиялық фаустпатрон кумулятивтік гранаттарын, РПГ-2, РПР-7 қол гранаттарын, ПГ-2 және Г1Г-7 гранаттарын атауға болады. Оларды лақтыру активті реактивтік, реактивтік тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.