Транзистор

Транзистор (ағылшынша: transfer — тасымалдау және resistor — кедергіш) — токты күшейтуге, түрлендіруге арналған үш электродты жартылай өткізгіш құрал.

 

transistor.jpg Транзисторға жіберілген аз ток (кернеу) үлкен ток ағынын басқарады.

Тарихы

Ең бірінші транзистор алтын фольгасына оралған үшкір пластиктен, аз мөлшерде германийден тұратын. Көпшілік те, ғалымдар да бұл нәрсенің қалай істейтінін түсіндіре алмады, ол құрал арқылы тек радио тыңдады.

Алғаш өріс эффектсіне негізделген транзисторге патентті Канадада Julius Edgar Lilienfeld 1925 жылы 22 қазанда тіркеді. Бірақ ол өзінің құрылғысы туралы мәлімет таратпағандықтан, жетістігі ескерілмеді. Кейін, 1934 жылы неміс ғалымы Oskar Heil өріс эффектсіне негізделген басқа тразисторге патент алады.

1947 ж. желтоқсанның 16 Уильям Шокли (William Shockley), Джон Бардин (John Bardeen), Уолтер Брэттэйн (Walter Brattain) істейтін транзистор жасағандығы туралы хабарлады. Бұл кезде олар Bell Labs. -та істейтін еді.

Bell Labs. патент алып, нарыққа шығады. Бірақ Bell Labs. барлық қиындықтарды жеңе алмай, 1952 жылы транзисторға патентті сатып жібереді. Сол уақыттан бері транзисторлар барлық жерде таралды.

Түрлері

Транзисторлар былай жіктеледі:

·         Жартылай өткізгіш заты: германий, кремний, галлий арсениді, кремний карбиді, т.б.
·         Құрылысы: биөрісті т., өріс-эффект т.-ы, т.б.
·         Қуаты: аз, орташа, жоғарғы
·         Істей алатын жиілік: төмен, орташа, жоғарғы, радиожиілік (RF — radio frequency), микротолқын
·         Сыртқабы: SMD, TO-92, TO-72, т.б. (ISO стандарттарына бағынады)

Биөрісті транзистор (ағылшынша: bipolar junction transistor) — транзисторлардың алғаш шыққан түрі. Екі түрлі заряд тасмалдағышпен істейтіндіктен (би = 2) аталып кеткен. Үш қосылатын электроды: эмиттер, база, коллектор, екі p-n (positive — negative) аймағы: эмиттер-база, коллектор-база бар. Биөрісті транзистор екі түрге бөлінеді: n-p-n, p-n-p. Айырмашылығы негізгі заряд тасымалдауышта: n-p-n -де электрон, p-n-p -де кемтік. База жұқа болып жасалады, соның есесіне базадан өткен ток эмиттер — коллектор тогын басқарады.

Қолданылуы

Қазіргі кезде транзисторлар өмірімізде түпкілікті орын алады. Аналогты және сандық құралдар құрамында бола отырып, олар электр құралдарының негізі саналады. Қолданылатын аялары: компьютерлер, күшейткіштер, электр кілттері, т.б.

Жазған Айслу Танжарыкова, Ақтөбе қаласы №59 мектебінің 7 сынып оқушысы