Ұшақ

Ұшақ аэроплан - двигатель арқылы атмосферада ұшуға арналған (әдетте қозғалмайтын қанаты бар) ауадан ауыр ұшу аппараты. aircraft.jpg Бұл аппарат өз двигателінің тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.
Бұл аппарат өз двигателінің тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.

Тарихы

Двигатель күшімен ұшатын ұшақтын ең алғашқы жобасын А.Ф.Можайский жасады. Сол кезеңге дейін жасалып, сыналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары болатын.

Хронологиясы

  • Неміс ғалымы О.Лилиенталь 1891-1896 жылдары аралығында бірнеше планер жасап сынады.
  • 1894 жылы американ конструкторы Х.С.Максим бу машиналы ұшақ жасаған .
  • Ұшаққа іштен жанатын двигатель орнату мәселесін американ механиктері ағайынды У. және О. Раттар 1903 жылы іске асырды.
  • 1913 жылы орыс ұшқышы П.Н.Нестеров өз атымен аталған “тұзақ” жоғарғы пилотаж фигурасын жасап ұшты.
  • И.И.Сикорский көп моторлы “Русский витязь” 1913 жылы және “Илья Муромец” 1913-1918 жылы ұшақтарды құрастырды.
  • 1923 жылы советтік дәуірдегі ең  алғашқы ұшақ жасалып шықты. Ол А.Н.Туполевтің спорттық монопланы (АНТ-4) еді.
  • 1924 жылы алғашқы металл конструкциялы АНТ-2 ұшағы жасалды.
  • 1940 жылы сұйық ракета двигателі орнатылған ракета-план С.П.Королев пен 1942 реактивті ұшақ А.Я. Березняк және А.М.Исаев жасалып ұшырылды.
  • 1943-1944 жылдары бірінші турбореактивті ??? А.М.Люлька құрастырылды.
  • 1945 жылы мотокомпрессорлы ұшақ ұшырылды.
  • 1946 жылдан бастап советтік авиацияда реактивті двигательдер қолданыла  бастады.
  • 1950 жылдардың басында вертолеттер жасау ісі қолға алынды.
  • 1960 жылдары дыбыс жылдамдығынан шапшаң ұшатын ұшақтар жасалды.
  • 1965 жылы дүние жүзінде ең алып ”АН-22” О.К.Антонов ұшақ жасады.
  • 1970 жылдары Отанымыздың әуе жолында жаңа лайнерлер (Ту-154, Ил-62м, Ту-134,Як-40) ұша бастады.
  • 1976 жылы ең алып Ил-86 жолаушы ұшағы (“аэробус”) сынала бастады.

Қолдануы

Арналу мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақтарға бөлінеді.

Азаматтық ұшақтарға:

  • Транспорттық (жолаушылар таситын, жүк таситын, және бұлар аралас)

Әскери ұшақтарға:

  • истребитель- бомбалаушы;
  • бомбалаушы;
  • барлау;
  • транспорттық;
  • байланыстық;
  • және санитарлық ұшақтарға бөлінеді.

Құрылысы

Ұшақтардың бәрінде: қанат, фюзеляж, тіректер (горизонталь және вертикаль), шасси және күш қондырғысы деп аталатын ортақ агрегаттар бар.

Қанат көтергіш күш тудыру мен бірге горизонтал бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда онда двигательдер, шассидің негізгі доңғалақтары әрі оның қуысына жанар май құйылады.

Жалғыз қанатты ұшақ - моноплан, ал қанаты екі қабат орналасқан ұшақ - биплан деп аталады. Ұшақ ұшу-қону сипаттамаларын жақсарту үшін қанаттың алды-арты арнайы құрылғылармен жарақталады.

Экипаж мүшелері, жолаушылар отыратын, жүк кейде двигательдер шассидің негізгі доңғалақтары орналастыратын және ұшақтың барлық бөліктерін тұтастырып біріктіруге арналған бөлік фюзеляж немесе корпус деп аталады. Гидро ұшақта фюзеляж ролін ұайық атқарады.

Горизонталь тірек ұшақтың бойлық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ол қозғалмайтын немесе шектеулі ғана қозғалыс жасайтын стабилизатордан және қозғалмалы биіктік рулінен құралады. Вертикаль тіректе қозғалмайтын бөлік-киль және қозғалмалы бағыт руль бар. Дыбыстың таралу жылдамдығынан тез ұшатын ұшақтардын тіректері тұтасымен бұрылатын яғни тұтастай басқарылатын болып жасалады.

Ұшақтын алдында орнатылатын және қонғаннан кейін қозғалуына мүмкіндік беретін доңғалақтар жүйесі шасси деп атайды. Көпшілік жағдайларда ол жиналмалы болып жасалады.

Усманов Рафис - №4 мектептің 8 ә сынып оқушысы