Метро

Метро – метрополитен (франц. metropolitain – астаналық, грек.metropolic – бас қала, астана) қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі.

 

02_original_1322793627216.jpgМетро жолы жер астында (туннельдерде), жер бетінде қала көшелерінен оқшауланған), не жерден көтеріңкі (эстакада үстінде) салынады.

Метро негізінен үлкен қалаларда (миллионнан астам халқы бар) салынады.

Метро станцияларының орташа ара қашықтығы 400м-ден 2115м аралығында.

Шығу тарихы

Ең алғашқы метро (ұзындығы 3,6км) 1863 жылы Лондонда (Англияда) салынды.

1890 жылдан бастап метро терең туннельдерге салынып, онда электрлік көлік ретінде пайдаланылатын болды.

1868 жылы Нью-Йоркте (АҚШ-та) жерден көтеріңкі салынған алғашқы метро іске қосылды.

Еуропадағы алғашқы метролар Будапешт (1896), Вена (1898) және Парижде (1900) салынады.

І-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Мадрид пен Барселонада (Испания), Афинада (Грекия), Токио (Жапония), Осло (Норвегия), Стокгольм (Швеция) т.б. қалаларда метролар жұмыс істей бастады.

1935 жылы 15 мамырда метро пойызы Ресей астанасы Мәскеуде жолаушылар таси бастаған. Ол кезде Мәскеу метросында небары 13 станция болған.

В.И.Ленин атындағы Мәскеу метрополитені дүние жүзіндегі ең жақсы метрополитен деп есептеледі.

Мәскеу метрополитенінің өзінен кейінгі інілері??? – Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Тбилиси, Баку, Харьков, Ташкент, Горький, Ереван, Минск метролары бар. Бірнеше қалада метро салу жобалары жасалды.

Қазақстанда жер асты метро салу жұмысы халқының саны миллионнан асатын Алматы қаласында ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде.

Құрамы

Метро станцияларының құрамына вестибюль, жүргізушілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт т.б. құрылыстар кіреді; жүргізушілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады.

Метро жолаушылар үшін өте қолайлы көлік. Ал, сол қолайлықты жасап тұрған толып жатқан машиналар. Жер астына кейбіреулері жер бетіне орналасқан бұл машиналар поездарға электр энергиясын беріп, станцияларға және тоннельге жарық түсіріп әрі желдетіп, ондағы ауа температурасын бірқалыпты ұстап тұрады.

Мәскеу метросының станциялары мен вестибюльдері алуан түсті мәрмәрмен қапталып, мозайка, түрлі-түсті витраждармен әсемделген. Мұнда қыста жылы, жазда салқын. Метро – қала көлігінің ең ыңғайлы, шапшаң жүретін, жолдан қалдырмайтын сенімді түрі.

Жарқыраған кең вагондарға толған халық, әркім өз шаруасымен, біреу жұмысқа, біреу институтқа, біреу дүкенге кетіп бара жатыр. Кейбіреулер сөйлесіп, енді біреулер кітап не газет оқып тұр. Жүздерінен кешігіп қаламын-ау деген абыржу байқалмайды.

Метро поезына жол қиылысындағы светофор да, қаптаған афтомобильдер мен жаяу жолаушылар да кедергі жасай алмайды. Оның терең жер астынан салынған өз жолы бар, ол әрі шапшаң, әрі дәлме-дәл график бойынша жүреді.

Үлкен қалалардың өзінің бір шетінен екінші шетіне жету үшін небары жарты-ақ сағат уақыт кетеді.

Хронология

1863 – Ең алғашқы метро ұзындығы 3,6км Лондонда (Англия) салынды.

1868 – Нью-Йоркте (АҚШ) жерден көтеріңкі салынған алғашқы метро іске қосылды. (500км ұз. – 450 ст.)

1896 – Будапешт

1898 – Вена

1900 – Парижде метро салынды (300-ден астам км – 450 станция.)

1902 – Берлинде (235км – 150-ден астам станция)

1935 – Мәскеуде (230км – 150 ст.)

1902 – Мехико (140км – 125 ст.)

1927 – Токио (155км – 140 ст.)

1972 – Сеул (120км. – 100 ст.)

Метро салу

Жер асты метро жолдарын салудың ең тиімдісі көше астына 10-15м тереңдікте салу. Тереңге (30-50м-ге) салынған метро жолдары станциялар арасын тура әрі қасқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Метро жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі бейнеленеді. Метро жолын салу геодезиялық – маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады.

Метро салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен метро салғанда жер қыртысының бет қабығы аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталынып салынады.

Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі.

Метро құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады.

Таңғажайып фактілер

● Лондон қаласының астындағы үлкен тереңдікте орналасқан метроның ұзындығы 171км. Бұл әлемдегі ең ұзын жер асты темір жолы.

Уразбаев Дастан  - №4 мектептің 5 сынып оқушысы