Бас бет arrow Энциклопедия arrow Құрылысarrow Просмотр термина

Бульдозер

Бульдозер – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор china_220hp_bulldozer200812261532424.jpg
1) аспалы жұмыстық тетігі – қалқаны бар өздігінен жүретін жер қазғыш трактор не сүйреткіш.
Ол кен байлықтарын аршу, арна қазу, жол салу, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды, т.б. жүргізу үшін топырақты қабат-қабатымен ығыстыру және оны тегістеу, үю сияқты жұмыстар кезінде қолданылады. Бульдозер (ағылшынша bulldozer, bulldoze – ірі кесектерді жару, ұсақтау) қалқаны бұрылмайтын бульдозер, қалқаны бұрылмалы бульдозер және қалқаны әмбебап бульдозер болып ажыратылады. Олардың барлығы да гидравликалық, канатты (болат арқанды) не электрмеханикалық жетектермен жабдықталады.

2) Әр түрлі қималы дайындамадан жасалған бөлшектерді (қапсырма, кронштейн, бұрыштық, т.б.) штамппен июге арналған пресс. Оның кривошипті және гидравликалық түрлері бар. Ұсталық-штампты өндірісте горизонталь кривошипті бульдозер кеңінен қолданылады.