- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Бас бет Энциклопедия Көлік Просмотр термина
Трактор
ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.
Сипаттама
Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.
Түрлері
Қозғалтқышының түріне қарай трактор ‘‘доңғалақты’’ не ‘‘шынжыр табанды’’ болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы.
Батпақта журуге арналған трактор - кәсігюрындарға арналған табанды өте жалпақ шынжыры бар трактор, ылғалды топырақ жерлерде, торф мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді.
Тауға арналған трактор- ауылшару ашылығына арналған доңалақты трактор, көлденең жағдайда қаңка орнатуға бейімді жұмыстар аткарады.
Шынжыр табанды трактор- шынжыр тәрізді козғағышы бар трактор: жерге түсіретін кысымы аз, өткіштігі жақсы болады.
Доңғалықты трактор-доңғалақ тәрізді козғағышы бар трактор; келіктік жылдамдыгы жоғары және металл сыйымдылығы аз болады.
Өнеркәсіптік трактор -жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруа- шылығында, кұрылыста жэне т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор; нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.
Жалпы өнеркәсіптік трактор - кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (неізінде жер қазу) аспалы бульдозермен топырақ қазып таситын жабдык пен жасақталған.
Жер өндеуге арналған трактор- ауылшаруашылык жер өңдеуге арналған трактор; жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу радиусы аз болады.
Баулық трактор- ауыл шаруашылыгында арнайы қолданылатын трактор, аспалы машина- лармен платформаны пайдаланып жұмыс атқаратын нақты тарту күші шағын трактор.
Жалпы ауылшаруашылық жұмысты атқаратын трактор- ауыр ауылша- руашылық жұмыстарды аткаруға арнапған, нақты тарту күші 2-ден 60 кН ға дейінгі трактор.
Тарихы
Бу машинасы орнатылған алғашқы доңғалақты трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады.
Қолданылуы
Ауыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер, грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрылысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды.
Құрылымы
Трактордың механизмдері мен жабдықтарына:
‘‘Күштік қондырғы’’ трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы (бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. ‘‘Күштік беріліске’’ ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Доңғалақты трактордың ‘‘жүрістік бөлігі’’ аспадан, осьтен және пневматик. шиналы доңғалақтан, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші доңғалақ, т.б. тұрады. Трактор ‘‘қаңқасы’’ әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. трактордың ‘‘басқару механизмі’’ рульдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор ‘‘кабинасы’’ тракторшының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалады. Трактордың ‘‘электрлік жабдықтары’’ ток көзінен (аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты от алдыру, жолды жарықтандыру, кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негізгі сипаттамаларына оның техника-экономикалық, техехникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады.

- күштік қондырғы,
- күштік беріліс,
- жүрістік бөлік,
- қаңқасы,
- басқару механизмі,
- кабина
- электр жабдықтары жатады.