- Энергетика (9)
- Механика (7)
- Электроника (3)
- Электротехника (4)
- Кибернетика (2)
- Құрылыс (16)
- Математика (5)
- Информатика (2)
- Байланыс (4)
- Оптика (5)
- Полиграфия (1)
- Көлік (8)
- Үй-тұрмыс техникасы (4)
- Ғарыш техникасы (12)
- Әскери техника (3)
- Кеме құру (2)
- Материал тану (21)
- Мұнай & Газ (5)
- Белгілі адамдар (13)
Есенов Шахмардан
Шаһмардан Есенов — қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Қаз. КСР ҒА-ның академигі (1967).
Шаһмардан Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай ауылында дүниеге келеді.
1949 Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) институтын бітірген;
Ш.Есенов 100-ден аса ғылыми еңбек жазды. Республика геология ғылымын, оның маңызды саласының бірі металлогенияны дамытуға үлес қосуда. Геология-металлогения және пайдалы қазбаларды іздеу мен барлаудың әдістері жөніндегі жазылған еңбектері мен проблемаларға арналған. Ол 1965 жылы жарық көрген Қазақстанның кеңейтілген масштабты геология картасын жасауға қатысты.
Ш.Есенов КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекет комитетінің мүшесі (1967 жылдан), БҰҰ-ның Қиыр Шығыс Елдері Комиссиясының 1962 жылы Тайландта өткен сессиясында кеңес делегациясын басқарды. Халықаралық Геологиялық конгреске (Үндістан),Пагуош конференциясына (Швеция 1968), Үндістан ғалымдарының конгресіне (1971) қатысты. Ол 8-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық ағарту ғылым жөне мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясы председателінің орынбасары: 5,6,7,8-сайланған Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің председателі; КПСС ХХӀУ-съезінің, Қазақстан КП ХӀ,ХӀӀ,ХӀИ-съездерінің делегаты, КПСС ОК-нің мүшесі, 2 рет Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Қазақстан ғылымын көтеруге Шаһмардан Есенов көп еңбек сіңірді. Бұл жөнінде оның есімі сол кезде Қаныш Сәтбаевтан кейін қойылатын. Оның таланты жан-жақты еді. Академияда президент болып тұрғанда ұлттық мәдениетімізді тереңнен зерттеуге, әдебиетімізде ұмыт болған, тыйым салынған эпостар мен дастандарды қайта өмірге әкелуге, іздеп табуға бұйрық береді. Қазақ топырағының ұлы даналарының бірі Әбунасыр әл-Фарабидің халқына қайта оралуына көп еңбек сіңірді. Бұл турасында белгілі ғалым профессор Досмұхаммед Кішібеков жазбаларына үңілейік:"Ш.Есенов Ғылым академиясындағы Философия және құқық институтының жанынан арнаулы әлфарабитану бөлімін ашады. Оған арабша, ағылшынша және басқа да тілдерді білетін білімді жас ғалымдарды шақырды. Оларға әл-Фарабидің еңбектерін тауып, қазақшаға, орысшаға аударуға тапсырма береді. Әл-Фарабидің қазақ топырағының ұлы екенін ол кезде ешкім білген жоқ. Көптеген елдер оны өздерінше иеленіп кеткісі келді. Мәселен, ирандықтар оны Ирандікі деп дәлелдеді. Өзбек ғалымдары өзбек халқынікі деп есептеп, мақалалар жазып жатты. Түркімендер де олардан қалыспады.
Профессор А.Ж.Машанов 50-70-жылдардағы (өткен ғасыр) ғылыми-қоғамдық қызметін әл-Фарабиді қазақ халқына қайта әкелуге жұмсады. Ол көптеген кітаптар, мақалалар жазды. Әл-Фарабидің еңбектерінің томдары екі тілде шығарылды. Осы басылымдардың барлығының жауапты редакторы Ш.Есенов болды.
Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.
Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!