Бас бет arrow Энциклопедия arrow Құрылысarrow Просмотр термина

Мыңжылқы құдығы

Мыңжылқы құдығы – гидротехникалық құрылыс.

capture.pngШамамен 18 ғасырда қазылған. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құрайлы даласында. Мыңжылқы құдығы – қазақ даласындағы теңдесі жоқ гидротехникалық құрылыс үлгісі.

Мыңжылқы құдығының кіре берісі кеңдігі 20 – 25 м арық ретінде қазылып, әр метр сайын 10 см-ге тереңдей беретін каналға айналған. Өзен 400 м жерді төмендете қаза келіп, 40 м тереңдегенде жер асты суына жетеді. Құдықтың айналасын кірген мал су ішіп, айналып шығатындай кеңейте қазып, түбін тереңдете тазартып, кішкене көлшік жасаған. Суға баратын канал жолы кең, 5 – 6 жылқы жоғары-төмен қатарынан еркін түсіп, көтеріліп, өз бетімен су ішіп, кіріп-шығып жүреді. Күні бойы мыңдаған жылқы ілгерілі-кейінді су ішіп шыға алады.

Ел аузындағы аңыздарда бұл құдықты Қабанбай батырдың жасағы жорық алдында аялдау үшін қаздырғандығы туралы айтылады. Осы шөл даладағы құдықтан түз тағылары мен жыртқыш аңдар да бір-біріне зиян тигізбей, шөлдерін қандырады-мыс. Айналасы 30 – 40 км жерде өзен, су, елді мекен жоқ шөлді сары даладағы құдықтың шаруашылық және әскери-стратегиялық маңызы зор болған.

Қазақ тілін дамыту ісіне үлесіңізді қосып мақала жазам десеңіз жазған мақалаңызды осы адреске (kazakeng@gmail.com) жіберіңіз.

Бірігіп қазақ тілін өркендетейік!