Бас әрiп К

Калибр (франц. calіbre) – бұйымдардың мөлшері мен пішінінің және оның бөлшектерінің өзара орналасу қалпын тексеруге арналған шкаласыз өлшеуіш құрал.

Кеме – суда не су астында жүзе алатын жүк немесе жолаушылар тасуға арналған су көлігі.

Кибернетика (грекше kybernetіke – басқару өнері, ағылшынша cybernetіcs) – басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым.
Коммутатор (лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын)
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Криптон (Krypton), Kr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент;
Ксенон (Xenonum), Xe – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, инертті газ.
Күн — Күн жүйесінің орталық жұлдызы.
Көзілдірік – көздің оптикалық кемістігін түзету, Күн сәулесінен, шаң-тозаңнан, химиялық заттар әсерінен қорғау үшін қолданылатын құрал.
Көлем – геометриялық денелердің кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама.

Бірінші 1 2 Соңғы