RD Glossary

Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.
Реактивті сопло (қақпақ тұмсық) (Реактивное сопло)
— реактивті қозғалтқыштың бір бөлігі болып саналатын қондырғы.
Салмақ — Жер бетіне жақын тұрған денеге әсер ететін ауырлық күшінің сандық шамасы
Спектр (лат spektrum – елестету, бейне) – физикада берілген физикалық шаманың қабылдайтын әр түрлі мәндерінің жиынтығы.
Спирттер ( ағыл. spіrіt) – құрамында бір не бірнеше гидроксил топтары – (–ОН) болатын көмірсутек туындылары.
Стратосфера — тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты.
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы.
Теледидар – телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo – қараймын) – аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал.
Телефон (теле… және грекше phone – дыбыс), Телефоннан шыққан электр тербелістерін дыбыс тербелістеріне түрлендіруге арналған электракустикалық аспап.
Темір (лат. Ferrum) Fe.
Температура: (латынша temperaturа - араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй) - макроскоп. Жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
Термометр - дененің температурасын өлшеуге арналған құрал
Титан (Tіtanіum), Tі – элементтердің периодтық жүйесінің IV тобындағы хим. элемент, атомдық нөмірі 22, атомдық массасы 47,88.
Торпедо – айлақтарды, гидротехникалық құрылыстарды, су үсті кемелерін немесе сүңгуір қайықты жоюға арналған, тұмсық бөлігінде заряды (қарапайым немесе ядролық) бар өздігінен басқарылатын су асты снаряды.
ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.

Транзистор (ағылшынша: transfer — тасымалдау және resistor — кедергіш) — токты күшейтуге, түрлендіруге арналған үш электродты жартылай өткізгіш құрал.

 

ТРОПОСФЕРА (грек. τροπόσ – бұрылыс, өзгеріс және σφαιρα – шар) – атмосфераның жер бетімен тығыз әрекетте болатын ең төменгі қабаты.
Мұхаметжан Тынышбаев қазақ тұңғыш  инженері.
Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.
Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі.
Уәлиханов Шота - сәулетші
Фотодиод — жұмыс істеу қағидасы ішкі фотоэффектіге негізделген, р-п өткелінен тұратын және екі шықпасы бар фотоэлемент
Фотоэлемент — электрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын электрондық прибор.
Фотоэффект — заттан электромагниттік сәуленің әсерінен электрондардың шығу құбылысы.

Бірінші 1 2 3 4 5 6 Соңғы