RD Glossary

Көлем – геометриялық денелердің кеңістіктен алатын бөлігін сипаттайтын шама.
Көмір өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді кен жынысы.
Көмірсутектер - молекулалары көміртек пен сутек атомдарынан тұратын органикалық қосылыстар.
Леонардо да Винчи (итал. Leonardo da Vinci, 1452 жыл 15 ақпан, Флоренция қаласының маңы — 1519 жыл 2 мамыр, Амбуаза, Түрен, Франция) —италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» (лат. homo universale)  — италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі.
Магний (лат. Magnesіum) Mg, элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атам нөмері 12, атам м. 24,312.
Мантия, Жер мантиясы (грекше mantіon — жамылғы), Жердің қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера.
Болпан (Меркурий, Олпан, Таңшолпан, Кіші Шолпан) — Күнге ең жақын және Күн жүйесінің 1-ші ең кіші ғаламшары.
Металлургия (грек. metallurgeo – металл өңдеймін) – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Метеорит – планетааралық кеңістіктен Жерге келіп түсетін метеорлық денелердің қалдықтары.

Метро – метрополитен (франц. metropolitain – астаналық, грек.metropolic – бас қала, астана) қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі.

 

Механика [грек. ''mechanіke'' (techne) – машина және машина жасау өнері] – материалдық денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін ғылым.
МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ Қазақстанда сәулетшілер мектебінің және ғылымының негізі қалаушысы.
Молекула (лат. moles – масса) – жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек.
Мыңжылқы құдығы – гидротехникалық құрылыс.
Мұнай – майлы, қоймалжың, сұйық зат.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. 
Найзағай – бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше километр, диаметрі ондаған сантиметр және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд, ыстық және суық ауаның соқтығысуынан пайда болатын күшті жарқыл, жай.
Неон (лат. Neonum), Ne –элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 10, ат. м. 20,179; инертті газдарға жатады.
Никель (Nіccolum), Nі – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, атомдық нейтроны 28, атомдық массасы 58,70.
Ом Георг Симон немiс физигi 1787 ж. 16 наурызда Эрлангемде туған.

Парафин (лат. parum – аз және affіnіs – ұқсас) – C18H38 – C35H72 құрамындағы қаныққан көмірсутектерінің қоспасы; мұнай өнімі.
Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs — тік) — берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық).
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs — кезбе жұлдыздар) — өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.
Призма, оптикалық — сәуле жиілігінің белгілі бір интервалында мөлдір болатын материалдардан жасалған және жазық беттермен шектелген дене.
Процесс - белгілі бір нәтижеге жету үшін орындалатын тізбектелген әрекеттердің жиынтығы;

Бірінші 1 2 3 4 5 6 Соңғы