RD Glossary

Велосипед - (франц. Velocipede, лат. velox – жүрдек және pes-аяқ) – жедел жүруге арналған қарапайым көлік.

Галилео Галилей (1564 —1642) — итальян философы, математик, физик, механик и астроном, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен.
Гелий (лат.: Helium) —, Не – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 2, ат. м. 4,0026.
ГЕНЕРАТОР (Generator) — 1) кіріс тілі проблемалы-бағытталған тіл болып табылатын аударғыштың бір түрі; 2) машиналық командаларды генерациялауды орындайтын аударғыштың құрамдас бөлігі.
Гипс - негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс
Дизель қозғалтқыш (Дизельный двигатель) — іштен жанатын, авомобильдің бензиндік қозғалтқышымен салыстырғанда басқаша схемамен жұмыс істейтін қозғалтқыш.
Минерал
Дөңгелек, доңғалақ-
    1. Делегей, не болмаса сым шабақты тоғын түрлі айналуға не айналымды ары қарай беруге арналған бөлшек;
    2. Берілістің тісті дөңгелектердің тісінің саны көп дөңгелегі.
Шаһмардан Есенов — қазақ кеңес геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Қаз. КСР ҒА-ның академигі
Ескене– Атырау облысының Мақат ауданындағы кент, округ орталығы.
Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы.
Желкен– жел энергиясын кеменің тартқыш күшіне түрлендіруге арналған қозғалтқыш;
Жол – адамдар мен көлік құралдарының жүруіне, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналып салынған (белгіленген) барлық жүру және тасымалдау желілерінің жалпы атауы.
Зат – негізгі физикалық ұғым.
Зығыр (Lіnum) – зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар.

Икарус тарихы

Калибр (франц. calіbre) – бұйымдардың мөлшері мен пішінінің және оның бөлшектерінің өзара орналасу қалпын тексеруге арналған шкаласыз өлшеуіш құрал.

Кеме – суда не су астында жүзе алатын жүк немесе жолаушылар тасуға арналған су көлігі.

Кибернетика (грекше kybernetіke – басқару өнері, ағылшынша cybernetіcs) – басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым.
Коммутатор (лат. commuto – өзгертемін, ауыстырамын)
Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Криптон (Krypton), Kr – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент;
Ксенон (Xenonum), Xe – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, инертті газ.
Күн — Күн жүйесінің орталық жұлдызы.
Көзілдірік – көздің оптикалық кемістігін түзету, Күн сәулесінен, шаң-тозаңнан, химиялық заттар әсерінен қорғау үшін қолданылатын құрал.

Бірінші 1 2 3 4 5 6 Соңғы